Ерлан Төлеутай: Болмановтың көз жасы болмағанда су түбіне кеткендей екенбіз ғой
2016 ж. 09 желтоқсан
5329
2
"Солқылдаған", "екі иығы селкілдеген" дегеніміз жәй әшейін екен ғой, соңғы ширек ғасырда мұндай жылау болмаған дейді. Ерлан Төлеутайдың алдындағы ақ қағазға көз жасы тырс-тырс тамып, өзі де еріксіз егіле отырып жазғандай "мөлтек әңгімесін" оқығаннан кейін біз де осыған сендік.
[caption id="" align="aligncenter" width="629"] Коллаж әлеуметтік желіден алынды[/caption]МЕШІН ЖЫЛҒЫ МАМЫР ЖАСЫ...
Мешін жылы, 23 мамыр. Түн. Астана... Сол жағалаудағы неон шамдарының сəулелі нұрына балқыған сəулетті үйлердің бірінің əлсіз жарығы өлеусірей жанған бөлмесінің ашық қалған балконынан өксіп-өксіп жылаған еркектің ықылық атқан үні естіледі. Түн тыныштығын бұзған ышқына бебеулеген...
Əттең, еңіреген ердің көз жасы төгілген сол түнді суреттеуге тіл жетпейді...
Иə... сол түні... елін сүйген ердің ащы жасы шəйі көрпеге бырт-бырт домаламағанда... су түбіне кеткендей екенбіз ғой.
...Сол түні спальныйда төгілген көз жасы... Қандай қасиетті еді... Құдай көз жасын иді деген осы шығар. О, қасиетті "Мамыр жасы"!
Сіркедей, сіркедей əр тамшыңнан айналдым! Орамал қайда, орамал! Қасиетті 'мамыр жасы" сіңген кестелі орамал музейге қойылсын! Табылса, сол түні тартылған темекінің тұқылы да...
Болат Жетекбай,