Тәуелсіздікке 25 жыл: "Ленин", "Коминтерн", "Қызыл әскер" көшелері әлі қаптап тұр
2016 ж. 17 қараша
1913
2
Еліміздің солтүстігінде Лениннің атымен аталатын әлі күнге дейін 83 көше бар. Одан қалса, Петропавлдың орталықтарында Комсомол, Октябрь сияқты көше атаулары тіптен қаптап тұр деп хабарлайды 31 арна.
Петропавлда бірнеше жүздеген көшенің көбі әлі ескі атаулардан арылар емес. Олар Кеңес үкіметі кезеңінен бері өзгеріссіз тұр.
Мәселен, Ленин көшесі - 83, Комсомол көшесі - 60-қа жуық. Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Либнехт, Коминтерн, Октябрь, Сакко және Ванцетти көшелерінің ондағаны бар.
"Нақты қай жерде, қай елдімекенде қандай көше мынау тоталитарлық есімдері бар сол бойынша аудандарда жұмыс жүргізіліп жатыр. Егер халық келіскен жағдайда ғана бұл атаулар өзгертуге жатады", - дейді СҚО тілдерді дамыту жөнідегі басқарманың ономастикалық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернияз Сұлтанов.
"Бәрі қазақша болып жатқанда өзіміздің ұлттық атауымыз болу керек қой. Қазір мұндай 50 пайызы қазақ. Бұрын азғантай да. Немістер көшті, орыстар кетіп жатыр. Оның орнына шет ауылдардан қазақтар келіп жатыр", - дейді ауыл тұрғындары.