Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді
2016 ж. 02 қараша
2528
0
Алматыда он адамды өлтірді деп айыпталған Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі сот залынан.
Күлекбаевтың ақыл-есі орнында деп табылды. Оның тағы бес сыбайласы жауапқа тартылуда. Сот ашық режимде өтіп жатыр.
Күлекбаевты сот кінәлі деп тауып, жеке мүлкін тәркіге алу шешімін шығарды. Ал сыбайластары он жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қаза болған полицей Ғалиев Аянды мемлекеттік марапатқа ұсынатын болады.
"Мен өзімнің жарымды қаһарман деп білемін", - дейді Аян Ғалиевтің жары Анар.
Еске салсақ, Алматыдағы басты сот тергеуі 2016 жылдың 24 қазанында басталған болатын. Резонансты істің басты фигуранты өзінің не үшінін мұндай қанды қылмысқа барғанын түсіндірген болатын.