Бейбіт Атамқұлов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды
2016 ж. 07 қазан
2653
0
Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. Енді өңірге бұрынғы Білім министрі, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев басшылық етеді.
Айта кетейік, кеше 6 қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды.