Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай Қарағандының бір ауданына Алаш арысының аты беріледі, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі.
Қарағандының бір ауданына Әлихан Бөкейханның есімі беріледі
2016 ж. 25 қыркүйек
2783
0
Бұл туралы Дулат Аманжол әлеуметтік желідегі фейсбук парақшасында жазған екен.
«Қадірлі ағайын! Ең алдымен, сіздерді Алаш қозғалысының көсемі, ардақты арысымыз Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Әлихан Нұрмұхамедұлы – ел еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін із қалдырған, бар ғұмырын қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігіне арнаған ұлы тұлға. Алаш ынтымағының, ұлылығы мен қуаттылығының діңгегі. Ұлт мәйегі. Мәңгілік соғар жүрегі деп айтуға болады.
Ал Алаш көсемінің өмір бойғы ұстанған: «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген қағидасы бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге.
Алдағы уақытта Қарағанды облысының орталығында Әлихан Бөкейханның ескерткішін орнату, Қарағандыдағы бір ауданның атын Алаш арысымен атау жоспарланып отырғанын қуанышпен жеткізгім келеді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет Әлихан Бөкейханның толыққанды 15 томдығы жарық көреді. Менің қолымда қазір алғашқы 2 томы. Жалғасын әлі де табатын болады. Әрине, бұл келешек ұрпақты ұлттық мұратқа тартудың, Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп білемін. Ең бастысы бұл — көптің тілегі», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.