Маңғыстау облысынан Едіге қолбасшының мазары табылды (фото)

8
5511

Маңғыстау облысында тарихи мазар табылды. Тарихи ескерткіш Алтын Орданың беделді басшыларының бірі Едіге қолбасшыға тиесілі болуы мүмкін. Мазардың суреттері желіде тарап үлгерді. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

39bf3c13bb0360e45069da3bbecb843c

Едіге 20 жыл бойы Алтын орданы басқарды. 1399 жылы Литваның князі Витовт пен Литваға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, 16 шайқастан кейін оларды жеңген. Мемлекетінің гүлденген шағында Едігенің қол астында 600 мың атты әскер болған. Ол кезінде Бату хан жаулаған жерлерді басқару әлеуетін Алтын Ордаға қайтарған басшы.

feac7291b62e6d696cd938fd5dfc997d

Едіге қайтыс болғаннан кейін Ноғай ордасын оның ұрпақтары басқарды. Кейін оны қазақ ханы Қасым өз мемлекетіне қосып алған. Едіге қожа руынан шыққан Қожа Ахмет Яссауидің тікелей ұрпағы болып табылады. Одан бөлек, Едіге түркі халықтарына ортақ «Қырымның қырық батыры» эпосының қаҺарманы.

Экспресс-К Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы басшысының орынбасары Марат Өтесіновпен тілдескен. Ол өз кезегінде мазардың табылғанын растады. Алайда бұл жерде расымен де Едіге қолбасшының жерленгенін әлі сараптама растауы тиіс.

4c57a57d13e5118b49f685fb024cfabc

b46f4d6a8ddbf78ddcd79f9a42061dd4

«Мазарды зерттеу барысында араб тілінде «Едіге» деп қашалып жазылған тас табылды. Ал моланың өзі Маңғыстау облысының ескерткіштер тізіміне 2008 жылы енген болатын. Мазар өте қатты зақымдалған», – деп атап өтті Марат Өтесінов.

Айта  кетейік, Едіге Тоқтамыстың ұлдарымен шайқас барысында Қазақстанның батыс аймағында мерт болған. Бұған дейін, жұрт қолбасшыны Қарағанды облысындағы Ұлытау тауына жақын маңда жерленген деп есептеген еді.

8 ПІКІРЛЕР

  1. мағыстауға кел ағайын сосын жер асты жер үсті мешітті және басқа кесенелерді зеріте кім тиіслі және қай ғасырыда болғанын отырып алып көтен пікір жаза бермеи

  2. Айдан, асығыс пікір айтпа. Маңғыстауда Алтын Орда, Ноғайлы дәуірлерінен қалған: Көкімбет, Қарауылкүмбет (аталмыш күмбез), Қосмола, Үшмола, Ақшора, Белтұран, Шолақтам, Қазбайыр т.б. көптеген күмбездер сақталған.Сондықтан мына пікіріңнің ешқандай құны жоқ. Екінші, Аманғали деген комментші, Шоғының екі баласы Есекей мен Жолай. Ал мына мола адайлардың Маңғыстауға келерінен әлдеқайда бұрын, яғни 14-ғасырда салынған құрылыс екені дәлелденіп отыр. Сондықтан «көрпені өзіңе қарай тарта бергенді қою керек.

  3. Құрметті «Қазақ.кз» және оның басында отырған Қазбек Иса, сіздердің мына жаңалық қылып ұсынып отырған хабарларыңыз «Айқын» газетінің 14.07.2016 жылғы және «Не хабар?» газетінің 18.08.2016 жылғы сандарында, «Қасым.кз» порталында (21.09.16) филология ғылымдарының докторы, профессор Бибайша Нұрдәулетованың «Маңғыстаудағы Едіге қай Едіге?» және «Ноғайлының Ұлы биі Едіге Маңғыстауда жерленген бе?»Едіге би қайда жерленген?»» деген тақырыптармен жарияланған. Мына суреттер де сол мақалалардан алынған. Ғылымның, баспасөздің этикасы бойынша жарияланым сілтемелер арқылы берілуі керек екенін білмей қалғандарыңыз өте өкінішті! Бұл плагиаттыққа алып баратын соқпақ. Сондықтан мұндай қателерге келешекте жол бермеулеріңізді өтінемін.

  4. Жаңа 24-ші қыркүйек. 00:04-те жазған мен едім. Аты-жөнімді жазуға ұмытып кетіппін. Ноғайдың батырлары, Едіге, Орақ, Қарасай, Қази, Баян. Сосын əйгілі Асан-Қайғы да Ноғай. Қателеспесем 6-7 сыныптың Қазақстан тарихында жазылған. 12-13-ші ғасырларда Атырау қаласы, Махамбет ауданына қарасты Сарайшық селосы бұрынғы Ноғайлардың астанасы болған. Сол ғасырлардағы Италия астанасы Римде 25000 тұрғын халқы болған. Франция астанасы Парижде 18000тұрғын халық болған. Ал Ноғайлардың астанасы Сарыайшықта 100000 тұрғын халқы болған.

  5. Алтын Орданы басқарған Едіге болу мүмкін емес. Себебі күмбез там (бейіт) Маңғыстау өңірінде 19 ғасырдың 2 жартысынан салып бастаған. Ол Кіші Жүз Руларының беделді байлары байлары болу мүмкін.

  6. Едіге батырды баяғыда Ұлытаудың басында өлген деп оқығам. Жауларына іштен шыққан жауы ма, əлде əйелі ме қалай өлтіруге болатынын айтып ұстап берген. Ол қашып жүріп соғысып, жаралы болса да жауларын жайратып артына қалдыра берген. Ең соңында таудың басында өледі емес пе еді? Əлде ол ойдан жазылған ба, қалай болып кетті?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз