Нұртөре Жүсіп: Сағадиевтің кесірінен балаларымыз ергежейлі боп кетпесін

22
5713

Картинки по запросу нұртөре жүсіп

Біздің елдегі Білім реформасы мұғалімдердің жұмысын ауырлатуға ғана бағытталғандай…

Қазақстанды компьютерлендіру ұстаздарды қағазбастылықтан құтқара алмады. Сағадиевтің жаңа «реформасы» мұғалімдердің сөмкесін қалыңдатқаннан басқа түк те бермей тұр.

Бірінші сыныпты аттаған бүлдіршіндердің иығын көп ұзамай жауыр қылады. Өйткені олардың сөмкесіндегі «реформаланған» кітаптардың салмағы бойларын өсірмейді. Қазақстан – ергежейлілер еліне айнала бастаса, себебін мектептен көріңіз!

Нұртөре Жүсіп, журналист

Жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды

22 ПІКІРЛЕР

  1. Ел билигинде отырган азаматтардын коби совет укимети кезинде окып битирген, ол кезде 3 тилде окыту миндетти емес еди тагы немис тилин окыды. Агылшын тилин билмейак укиметти баскарып, зан шыгарып бекитип отыр гой. Биз де окыдык немис тилин типти умытып та кеттик бирак енбек етип маман иеси болып журмиз. Мен ойлайм реформаны озгерте бергенше медицинага, гылымга, студенттердин жагдайын котеруге коп конил аударса. НИИ кобирек ашылса каржыландырса жас галымдарга демеу жасап патенттерге баскада нарселерге конил болсе биз агылшын тилисиз-ак ен дамыган, билимди ел болар едик. Биздин жастар Америкага барып турмайды, биз оларга багынбаймыз. Кажет болып жатса косымша окып менгерер. Бул кундер де отер

  2. Ия, менин де улым биринши сыныпка барып жур. Сумкасын озм котерип барамы, и озм котерип келемин. Китаптары оте ауыр балага. Таза обал балага. Баскаша женилдетуге болмаспа еуен???

  3. менің де басымнан осы түсніксіз реформа өтіп жатыр. Ұлым бірінші сыныпта. Осы ағылшын тілі не қажетті бар бірінші сыныпқа, келесі жылы қосса да жетер еді ғой. Баланың миін ашылу ғана… :kulki1:

  4. Арман мырзаның, сөздеріне толығымен қосыламын! Дұрыс айтады. Еш нәрсе оңайлықпен келмейді. Еңбек ету керек, оқу керек

  5. Неге соншама білім саласына байланып қаламыз біз? Қазір керісінше балалар үшін барлық жағдай жасалып жатыр емес пе?

  6. Менің қарындасым биыл мектеп табалдырығын аттады. Кітаптар үлкен, ауыр деп айта алмаймын. «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, ол ешқашан оңай болмайды! Сондықтан ана сабақ қиын, мына сабақ қиын деп айтуға болмайды,

  7. Қазір тек ғана мұғалімдер емес қағазбен жұмыс жасайтын. Заман талабы солай болғасын, ол солай болады. Керісінше қазір мұғалімдердің жұмысын жеңілдету үшін электрондық форматқа көшіп жатырмыз

  8. Менің де қызым бірінші сыныпқа барды. Мектепке өзі барып,қайтқысы келеді. Бірақ сөмкесінің ауырлығын айтсаңызшы. Арқасына ассақ болды,сөмке тартып кетеді. Өзіде түсінгендей болды.
    Ал қағазбастылық дегенге келсек,ол қай салада болмасын өзің үшін жұмысыңды тиянақтау. Мұғалімдердікі күнделікті сабақ жоспары (оның өзі қазір дайын кітаптарда жазылған).

  9. Бірінші сынып табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндерімізге өздерінен үлкен кітап бергені дұрыс емес, ол кітаптар енді ғана осы 3-4 жылда пайда болды бұрындары кітаптар шағын ғана ішіндегі материалдарыда сапалы оқушығада ыңғайлы етін

  10. Дұрыс мен қолдаймын қазіргі таңда мұғалімдердің жұмыс ауырлап кеткен жәнеде оқушыларғада шағын кітаптар болғаны дұрыс

  11. Бәрі орынды айтылған қазіргі таңда мұғалімдердің сабағынан бөлек сабаққа қатысы жоқ құжаттары көбейуде, осы мәселені қолға алғандарына келісемін

  12. бәрі дұрыс , мені осы мұғалімдерден ұстайтын кәсіподақ жарнасыны қайда кетіп жатыр деген сұрақ қатты мазалайды, 1-2 лауазымды тұлғаның Берген сұхбатын оқып ,қарным ашты : еңбек дауларын шешеміз, мұғалімдер күнін тойлаймыз, ардагерлерге сыйлық, әр-түрлә шараларға т.т Еңбек дауын шешуге қандай ақша жұмсалуы мүмкін, демалуға жолдама диді ,ауданға келсе 10 жолдама келер ,оларда рейтингісі төмен жақын маңдағы демалыс орындарына, қаншама мұғалім 25-30 жылда ол жолдаманы алмағанын ескерсек, жылма-жылғы жжарналар орташа 1000 тг десек,қайда кетіп жатыр, неге 25 жылдареспубликалық масштабта бір демалыс орнын ашпасқа білім беру қызметкерлеріне арнап жалпы кәсіподақ кім үшін қызмет жасайды бір кәсіподаққа төрайым болған адам 20 жыл бойы сол орыннан таймауын қалай түсіндіруге болады ауданда да ,мектепте де ,қаражаттың жұмсалуы қайда қаралады екен

  13. Білім министрінің келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Оның біраз жұмыс істеуіне мүмкіндік берейік. Ең болмаса бір жыл. Сосын айтайық базынамызды.

  14. Қағазбастылық тек білім саласында ғана ма екен? Барлық салада бар ғой: құрылыс, әкімдік, басқа да да басқармалар. Неге әңгіме білім министрінің төңірегінде өрбіп отыр?

  15. Ойыңдағы нәрсеңді қағазға түртесің ғой. Түртесің. Сөйтіп ұмытып қалған нәрсеңді есіңе түсіресің ғой. Түсіресің. Онда ғылыммен айналысып жүрген адамның қағаз толтырғанында не әбестік бар.

  16. Колледжде жұмыс істедім. Сабақ бердім. Қағазбастылық дейтіндей алып бара жатқан жұмыс жоқ. Тек сабақ жоспарыңды күнделікті өткізіп отырсаң болды. Сабақ жоспары алдымен оқытушының өзі үшін керек.

  17. Мұғалімдерді қағаз басты болып барады. 1 сынып үшін орыс тілі,ағылшынның түк те қажеті жоқ деп ойлаймын. Оның орнына сауат ашу мен математиканы көп оқытса.

  18. Ия, ия менин улым биыл барды бірінші сыныпқа, барарда анасы көтеріп алып барып береді ал қайтарда өзім котерип алып қайтам себебі оны көтер

    Уук

  19. менің таң қалатыным, кеңес дәуірінде 10 жылдықты бітіргенде, ауылдың баласы болғандықтан орыс тілінде, ағылшын тілінде түк білмей -ақ кеттік. Кейін қажеттілікке байланысты 2-3 айда үйреніп алдық. Қазір қарасам, жақсы араласатын құрбым Назарбаев зияткерлік мектебінде сабақ береді, Тайландқа барып келді, балаларға ағылшынша сабақ береміз дейді. Ағылшынша бір екі сұрақ беріп көрсем айта алмайды, «ау сен қалай сабақ бересің» десем, «ой солай талап еткен соң не істейсің, атауларын айтамыз, қалғанын қатырамыз» деп қарап отыр. Сонда кім-кімді алдап жүр, балаларымызбен ойнап жүрміз бе, бюджеттің ақшасымен бе, жоқ еліміздің болашағымен бе? Не нәрсеге де аса қажеттілік тудырса, сол өз-өзінен орындалады деп білемін.

  20. Бірақ оқулыққа қатысты олқылықтар министрге (Е.Сағадиевке) емес, авторлар мен соны қабылдап отырған ұжымдарға жүктелу керек.

  21. Бойларын да, ойларын да өсірмейді. Өзім А.Хазимова бастаған авторлар ұжымының орыс мектептерінің 4-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығындағы «тілді үйретпей, керісінше оны мешелдететін тапсырмаларды» көріп жағамды ұстадым. Оқулықтың түрі осындай болса, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ СТАТУСЫн жұртшылық қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестете беріңіз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз