Нұрлан Ермекбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындалды
2016 ж. 13 қыркүйек
2720
0
Нұрсұлтан Назарбаев "Ермекбаевты Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрлан Ермекбаев - еліміздің мемлекет қайраткері, дипломат.
1986 жылы Краснознаменный Әскери институтын бітіріп, қытай және ағылшын тілдерін білетін офицер мамандығын меңгерді.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылдың 19 қарашасынан бастап Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінде болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақ үні" ұлттық порталы Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам атты жаңа министрліктің құрылатынын сенімді дереккөзіне сүйеніп айтқан болатын.