ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанда Дін істері және азаматтық даму министрлігі құрылмақшы
2016 ж. 10 қыркүйек
4749
2
Қазақстанда түрлі діни ағымдардың көбейіп, оның халыққа зияны тиіп жатқан соң билік тарапынан нақты қадамдар іске асырыла бастаған секілді. Енді елімізде Дін істері және азаматтық даму министрлігі құрылмақшы, - деп хабарлайды "Қазақ Үні" ұлттық порталына сенімді дереккөзі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР Премьер-министрі ҰҚК төрағасы болып тағайындалып, үкімет таратылғаннан кейін, еліміздің саясаттанушылары Мәсімовтің орынына кім келеді деген түрлі жорамалдар айтты. Кеше Елбасының жарлығымен Премьер-министр болып Бақытжан Сағынтаев, ал Вице-премьер болып Асқар Мамин тағайындалғанын хабарлады Ақорда.
Атап өту керек, кешегі кеңейтілген үкімет отырысында Н. Назарбаев министрлер кабинетінде үлкен өзгерістер болмайды деп сендірген еді. Алайда, сенімді дереккөздің хабарлауы бойынша Қазақстанда жаңа министрлік құрылмақшы секілді.
[caption id="" align="aligncenter" width="410"] Бағлан Майлыбаев[/caption]Дін істері және азаматтық даму министрлігін Бағлан Майлыбаев басқарады деген болжам айтылуда.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Бағлан Майлыбаев ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып отыр.
Мақаланы "Қазақ Үні" ұлттық порталының рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!