"Қорқақ әйелдер" мен "аталық шұлықтар": Билік жарнамадағы мемлекеттік тілдің мұқатылуын неге қадағаламайды?
2016 ж. 09 қыркүйек
6208
3
Kari киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды 31 арна.

«Туфлялер аталық», «шылпылдақтар бала», «қыз балалар үшін сандалдар бала», «Шәлкелер аталық» «қорқақтар әйелдер». Тізе берсек, жетіп артылады. Бұл Талдықорған қаласындағы Каri киім-кешек нүктесіндегі тауардың қазақ тіліндегі аудармалары. Мұндағы қазақ тіліндегі сөздерді оқу үшін тілді бұрмалау өз алдында, мағынасын да түсіну өте қиын, дейді тұрғындар.

"Аталық деген қазақшаға жатпайды ғой. Аталық деген ұрық беруші деген мағынасында айтылған нәрсе. Қазіргі таңда қазақша аудармаларды қазақшаны білмейтін адамдар жасайды. Тікелей аударма. Компьютерлік аударма ғой", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Олжас.


- Все правильные, да?
- Все правильные", - дейді Kari дүкенінің өңірлік филиал директоры Денис Пичужкин.
