Арман Сқабылұлы: "Құнанбай" фильмі Мемсыйлыққа лайық емес
2016 ж. 05 қыркүйек
2884
0
"Құнанбайды" көрдім. Екіұдай сезіммен шықтым. Бәрі жақсы. Бірақ, Қодар мен Қамқа оқиғасын қабылдай алмадым. Тамағыма әлі тас тіреліп тұрғандай. Ата мен келіннің ойнас болуы...Оны өздері мойындауы...Ұлы Әуезовтің өзінің бұлай жазуға дәті бармаған. Ешкім ешқашан бұл оқиғаның дәл солай болғанын айта алмайды. Өйткені куә жоқ. Фильмде куәлер табылыпты.Етегін ашып жата кеткен келініне "Тынық Дондағы" Шолоховтың кейіпкері -Пантелей шал да жеңілтек Дарияға бір түкіріп өте шыққан. Білмеймін, қабылдай алмадым. Неге осы біз ғана миллионнан бір азғын жасайтын сұмдықты осындайда тықпалай береміз? Қарапайым көрермен ретіндегі пікірім осы! Ал, мемлекеттік сыйлыққа байланысты... ештеңе айта алмаймын. Жабылып, талап жесеңіздер де бұл фильм лайық емес! Шыным осы! Егер, Таласбек ағама мемлекеттік сыйлық керек десеңіздер, басқа жағынан іздеңіздер!
Арман Сқабылұлы,
Фейсбук парақшасынан алынды