"Қорғас" халықаралық орталығының президенті 1 млн доллар пара алған жерінен ұсталды (фото)
2016 ж. 05 қыркүйек
2336
0
"Қорғас" халықаралық орталығының президенті Василий Ни 1 млн доллар пара алған жерінен ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ФОТО: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
"Тергеу барысында "Қорғас" халықаралық орталығының президенті Ни өзінің қоластындағы қызметкері, инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Сайдуллаев арқылы "Қорғас Тюльпан" ЖШС-нің өкілінен 1 миллион доллар көлемінде пара алғаны анықталды. Осылайша Ни инвестициялық тендерді олардың пайдасына шешуге уәде еткен. Яғни халықаралық орталықта салынғалы жатқан "бес жұлдызды" қонақ үйдің құрылысына жарияланған байқауда аталмыш ЖШС-ні жеңімпаз етпек болған", - делінген баспасөз хабарламасында.
ФОТО: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Бүгінде Ни қамауға алынған, соталды тергеу жүргізілуде.
"Қорғас" — Қытайдың елмен құрған тұңғыш ауқымды шекаралық сауда зонасы. Ол 2012 жылдан бері іске қосылған.