Сапарбаев Рио жүлдегері Фархат Харкиге қазақ тілін үйрену үшін төрт жыл уақыт берді
2016 ж. 01 қыркүйек
2144
0
Ақтөбеде облыс атынан Рио олимпиадасына қатысқан спортшылар марапатталды. Олар екеу: бірі - қола медаль алған зілтемірші Фархад Харки, екіншісі - еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Рио-2016 қола жүлдегері Фархад Харкиге облыс басшылығы пәтер кілтін табыстады.
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев оған сертификат табыстап тұрып: «Саған мемлекеттік тілді меңгеруің үшін 4 жыл уақыт беріледі», - деп әзілдеді.
Содан кейін Нұрислам Санаевқа алғыс хат табысталды. Олимпиадада Фархад Харки қола жүлдеге қол жеткізсе, Нұрислам Санаев жартылай финалға шыға алмай қалған еді.