Шетелде демалып жүрген Беспаевтің бір шумақ өлеңі жұртты сүйсінтті (ФОТО)
2016 ж. 30 тамыз
8146
2
Мейрамбек Беспаев жазғы демалысында Италиядан өзге мемлекеттерге де саяхаттауды жөн көрген екен. Ол өзінің инстаграм парақшасы арқылы Франция мен Ватиканда түскен демалысының суреттерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Фото: instagram.com/m_besbaev/
Жуырда Мейрамбек Беспаевтың отбасымен бірге Италияда демалып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Әншімен бірге өнердегі достары Нұрмұқасан Шахзодаев пен Арман Дүйсенов те барған. Олар да өз кезегінде балаларымен бірге барған.
Бастапқыда Италияның мәдени ошақтарын аралап, артынша саяхаттарын Ватикан мен Францияның Кан аймағында жалғастырған. Олар арал маңындағы шипажайлардың бірінде демалды. Мұнымен қатар, Мейрамбек туған елінің құстарын сағынып жүргенін бірауыз өлең жолдарымен жеткізді.
“Теңізде үлкен-кіші кеме жүзген, Көңілім соны көріп елегізген. Құстарын туған жердің сағынамыз, Қалықтап шағала ұшса төбемізден”, – дейді ол.
Желі қолданушылары әншінің қуанышын бөлісуге асықты. Әсіресе, қыз қауымы әншінің суреттеріне тамсана қарап, жылы лебіздерін білдіріп жатты.
“Құдай, жанымның өлеңі күшті”, “Керемет! Жақсылап демалып қайт! Аман-есен елге оралыңдар. Сізді құрмет тұтамыз”, “Мәке, отбасыңмен аман-есен елге оралуыңа шын жүректен тілектеспіз”, “Көк теңіздей әдемі көтеріңкі көңіл-күй тілеймін”, “Мейрамбек өзінің еңбегінің арқасында жетістікке жетті. Қайда демалам десе де, өз еркі. Даусыңнан айналайын, інім. Дүниенің төрт бұрышын арала. Саған бәрі жарасады. Артыңда тілекшің, халқың бар күтіп отырған. Алла саған денсаулық, отбасыңа амандық берсін” дейді желі қолданушылары.