Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады
2016 ж. 30 тамыз
3016
0
Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады. Олардың арасында елдің премьер-министрі мен сенат басшысы және Ислам Каримовтың кіші қызы да бар деп хабарлайды КТК арнасы.
Одан бөлек, саяси салмағы жөнінен үкімет басшысы Шавкат Мирзяевтің аты озып тұр. Ол 2003 жылы президент Каримовтың ұсынысымен премьерлікке келген болатын. Алайда заң бойынша сенат төрағасы Нигматулла Юлдашевтың да президент болу мүмкіндігі бар.
Ал өткен сенбі күні ауруханаға жеткізілген президент Ислам Каримовтың хал-жағдайы алдағы бес күн ішінде жария етілмек.
Еске сала кетсек, өзбекстандық БАҚ Ислам Каримовтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат таратқан болатын. Ал әзірге ресми билік Өзбекстан көшбасшысының қаза болғаны жайлы хабарды жоққа шығаруда.