Назарбаев: Кеңес одағын қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ
2016 ж. 24 тамыз
2508
2
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев польшалық бизнесмендерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы жұмыстың артықшылықтарын түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы бұл жағдайды түзету үшін күзде «Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті» жақындату конференциясы өтетінін хабарлады.
«Достар, сіздер мынаны түсінулеріңіз керек. Біріншіден, ЕАЭО - бұл 180 млн халық, 2,5 трлн ІЖӨ, Кеден одағы, ашық және еркін шекаралар. Бұл интеграция, басқа ештеңе емес. Әрине, Еуразиялық одақ жасайық деген саясаткерлер де болды. Мен: «Жоқ тек экономикалық» дедім. Біз тәуелсіздігімізді Польшадан кем қадір тұтпаймыз», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Оның айтуынша, егер польшалық компаниялар ЕАЭО-да жұмыс істесе, онда 180 млн халықпен нарық пайда болады. «Саясаттан бір сәтке алыс кетейікші. Егер агроөнеркәсіптік кешен өнім өңдесе, біз қосымша құнды көтереміз, бұл барлығына пайда әкеледі», - деп сөзін түйіндеді ол.
Еске салсақ, 22-23 тамызда Н. Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыртуымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барды.