Мейрамбек Беспаев қандай діни кітаптарды оқиды?!.

Қазақтың біртуар әншісі Мейрамбек Беспаев кімді оқып жүр? Бұл сұрақтың жауабын оның Инстаграмдағы парақшасына кірсеңіз табасыз.

Әнші парақшасына көрнекті исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен діл» кітабын оқып отырған суретін жүктеп, оған:

«Діни мәселелерге байланысты көптеген сұрақтарымның жауабын осы кітаптан таптым. Елімізге белгілі дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен Діл», «Имани гүл» еңбектерін оқуларыңызға кеңес беремін. Қайреке, дінімізге сіңірген еңбегіңіз үшін сізге Алла разы болсын!», – деген пікір қалдырған.

ДЕРЕККӨЗ:  qamshy.kz