Рио-2016: 12 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сынға түседі
2016 ж. 12 тамыз
2154
2
12 тамыз күні Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар сайыстың алты түрінен сынға түседі деп хабарлайды BAQ.kz.
18:00 сағатта академиялық есуден өтетін финалдқ бәсекеде қазақстандық спортшы Светлана Германович өз бағын сынамақ.
18:00-де нысана көздеуден 50 метрлік жатып атудан мықтылар анықталады. Біліктілік сайысында біздің елдің намысын былтыр Қазақстан рекордын жаңартқан Юрий Юрков қорғайды.
18.30-да жеңіл атлетикадан жарыс басталады. 34 саңлақ сынға түсер сайыста А тобында біздің отандасымыз Евгений Лабутов диск лақытрудан күш сынасады. Соңғы жылдары Лобутов Қазақстанда ешкімге дес бермей келеді. Бірақ Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін жолдама алады деп ешкім ойламаған еді.
22.30-да 75 келіге дейінгі салмақта 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, еліміздің мақтанышы Жәнібек Әлімханұлы алжирлік өрен - 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы Ильяс Аббадимен жұдырық түйістіреді.
23:30-да Понтал муниципалитетінде спорттық жүрістен жарыс өтеді. Ерлер арасындағы 20 шақырымдық додаға біздің елдің атынан Георгий Шейко шығады. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 20 шақырымдық сайыста 35-орынға ие болған жас өрен биыл қалайда орын иеленуді көздейді.