Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото)
2016 ж. 11 тамыз
2591
0
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні Қазақстан қоржыны алғашқы алтынмен толықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов жеңіп алды.
Ниджат жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші болып аяқтаған еді. Ал осы сайыста 177 келі зілтемірді көтеріп, жерлесімізден 12 келіге асып кеткен болатын.
Алайда, серпе көтеруде қазақстандық спортшының жұлдызы жанып, 214 келіні басынан асырып, басты қарсыласынан Рио олимпиадасының алтынын тартып алды. Сөйтіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетті.
Қытайлық Люй Сяоцзюнь 202 келіден артық көтере алмады.
Естеріңізге сал кетейік, осыдан бір сағат бұрын Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш болып Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Барша Алаштың арманын орындаған қаракөз қарындасымызға Алаш жұрты ақ тілектерін жаудырды.
Осылайша бүгін Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс медаль түсті.