Олимпиада ойындарының үшінші күнінде қазақстандық жанкүйерлер дзюдошымыз Мариан Урдабаева мен зілтемірші Карина Горичеваға үміт артып отыр.
Рио-2016: 9 тамыздағы Қазақстан спортшылары қатысатын жарыс кестесі
2016 ж. 09 тамыз
1899
0
Сондай-ақ Олимпиада ойындарының финалисі Дмитрий Баландин жүзуден екінші айналымда бағын сынайды.
Дзюдо. 63 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер
Спортшы: Мариан Урдабаева
Уақыты: Іріктеу кезеңі мен ширекфиналдар сағат 19:00-де басталады. Репешаж, жартылай финалдар, үшінші орынға талас матчы мен финал сағат 00:30-да басталады. Тікелей эфир (KazSport);
Академиялық ескек есу.
Ерлер (E\F1жартылай финалы), әйелдер (E\F2 жартылай финал)
Спортшы: Владислав Яковлев, Светлана Германович
Уақыты: Сағат 21:10-да басталады;
Жүзу. Ерлер. Брасс (200 метр)
Спортшы: Дмитрий Баландин
Уақыты: Сағат 22:50-де басталады. Тікелей эфир (KazSport). Жартылай финалдар сағат 08:00-де;
Ауыр атлетика. 63 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер
Спортшы: Карина Горичева Уақыты: Басталуы сағат 00:30-да. Тікелей эфир («Қазақстан»).