Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті
2016 ж. 09 тамыз
2160
4
Қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиададағы алғашқы жүлдесін иеленді деп хабарлайды NUR.KZ.
Фархад жұлқа көтеруде 135 келіні бағындырды. Ол екі мәрте 140 келіні көтере алған жоқ.
Ал серпе көтеруде отандық зілтемірші 170 келіні еңсеріп, екі мәрте 177 келілік зілтемірді бағындыра алған жоқ.
Осылайша, Қазақстан зілтеміршісі алғаш рет Олимпиада жүлдесіне қол жеткізді. Бұл салмақтағы алтын жүлдені Колумбия, күміс медальді Индонезия спортшысы иеленді.
Ал жарыстың басты фавориті саналған қытайлық спортшы күтпеген жерден турнирді ерте аяқтады.
Еске сала кетейік, бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен Олимпиаданың үшінші медалі. Осыған дейін дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отцгонцэцэг күміс және қола жүлделерге қол жеткізген болатын.