KazSport телеарнасы кім үшін жұмыс істейді?

"Қазспорт" телеарнасы Риодан тікелей хабар таратып жатыр. Жақсы-ақ, әлем көз тіккен байрақты бәйгеден тікелей хабар тарату деген ғажап қой. Бірақ ғажап ол емес екен, сенген телеарнамыз қазақ халқы төрт көзбен күткен Елдос баламыздың белдесуін көрсетпеді. Дәл сол кезде Ресей балуанының белдесуін басынан аяғына дейін көрсетіп тұрып алды. Сонда "Қазспорт" кім үшін қызмет етеді? Телеарнаға үкімет неге қаржы бөліп әлемдік бәйгеге жіберіп отыр? Бұл бассыздық па? Біліксіздік пе? Қансыздық па? Жоқ таза мәңгүрттік пе? Не деп ұғамыз? Осыны қадағалайтын бір орын, "мұның не?" дейтін бір ақсақал бар ма екен біздің елде?!.

Иманғазы Нұрахметұлы,

Фейсбук парақшасынан