Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Түркия Президентімен кездесті (ФОТО)

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшылары шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты іс-қимылдың қазіргі ахуалын, сондай-ақ бірқатар басымдығы бар бағыттар бойынша Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларын талқылады.

Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.