Мақтаралда қақтығыс болды
2016 ж. 01 тамыз
4785
3
2016 жылдың 31 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында тұрмыстық негіздегі қылмыстық қақтығыс орын алды.
Қақтығыс орнына облыс әкімінің орынбасары, прокуратура, ІІД мен аудан әкімдігі өкілдері жөнелтілді. Тамыздың 1-і күні Сейфуллин ауылы түрғындары жиналыс ұйымдастырып, оған ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері, аудан мәслихатының депутаттары қатысты.
Кездесуде қақтығысқа жол берген тараптар бітімге келді.
Материалды көшіріп басу үшін qazaquni.kz порталына гиперсілтеме жасауыңыз қажет.