Кәрім Мәсімов жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі
2016 ж. 31 шілде
2321
1
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі, - деп хабарлайды qazaquni.kz ұлттық порталының тілшісі.
"Заң мен ереже барлығына ортақ. Велосипед мінген Премьер үшін де", - деп жазылды Мәсімовтің твиттердегі парақшасында. Сонымен қатар, ресми парақшада ереже бұзғаны үшін төлеген айыппұлының квитанциясы да жария етілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Азаматтық патруль" белсендісі автомагистраль бойында велосипедпен жүрген Кәрім Мәсімовтің үстінен ІІМ-не арыз түсірген болатын.
qazaquni.kz