Журналист: Тілдің қорлығынан қашан құтылады екенбіз...
2016 ж. 27 шілде
2481
6
Жаңа бір хабарландыру көрдім. Жұмысқа тұру үшін орыс тілінде еркін сөйлеп, жаза білуің керек екен. Қарап отырып қорланасың. Тілдік құқыңның күн сайын әр жерде тапталып жатқанын айта бастасаң, бәрі мұрнын тыржитады. Жақтырмайды. Сені ешкім тыңдағысы келмейді. Сен өзіңді және өз тіліңді ешкімге керексіз, басқаларға кедергі келтіріп тұрғандай сезінесің. Ресми орындардың (билік) екі тілде сөйлейтін жұртқа екі түрлі қатынас ұстанатыны анық көрініп тұрады. Қазақша сөйлесең олар саған жүре жауап береді. Тіпті кейде сенің сауалыңа, ұсынысыңа жауап беруді қажет деп есепемейді. Өйткені, қазақ даукес, жақсылықты білмейді, бір нәрсені сараптап орнықты ой айта алмайды, қашан көрсең, ұлт, тіл деген ұлттық тақырыптарды ғана айтып қақсай береді деп ойлайды. Тілдің қорлығынан қашан құтылады екенбіз... Бұл бір арман болды. Бір тіл - бір мемлекет болмай ештеңе көгермейді, қалғаны бос әңгіме.
Өміржан Әбдіхалықұлы,