АЛМАТЫДАҒЫ АТЫСТАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ АТЫ-ЖӨНДЕРІ МЕН СУРЕТТЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ
2016 ж. 18 шілде
2630
4
Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Полицияның мәліметінше, қаладағы атыстардан қаза тапқандар:
Нұрмұхамедов Бауыржан Мәлікұлы - ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылғы. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.
Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы - полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылғы, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, қызы бар.
Ғалиев Аян Ерболғанұлы - полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясының 2-ші батальонының полицейі, 1974 жылғы, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, екі қызы бар.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған.
"Қамшы"