Алматыдағы атыс: Үш полицей мен бір қала тұрғыны қаза тапты
2016 ж. 18 шілде
2425
3
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ порталына Алматыдағы атыс туралы ресми ақпарат берді.
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
18 шілде күні сағат 11 шамасында қылмыскер қалалық ІІД-нің Алмалы аудандық бөлімшесіне келіп, посттағы қызметкерді жаралаған. Кейін қаруын тартып алып, қашып кеткен.
Қылмыскерді іздеу барысында "Боран" патруль экипажының екі қызметкері оқ жарақатын алды.
Кейін күдіктінің тұлғасы анықталып, қарулы қарсылық көрсеткен қылмыскер"Қазақконцерт" АҚ ауданында ұсталды.
Күдіктіні ұстау барысында 2 полиция қызметкері оқ жарақатын алған.
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Өкінішке қарай, күдіктілер қаланың бейбіт тұрғынына оқ атып, ол оқиға орнында қаза тапқан. Жазықсыз жеңіл көлік жүргізушісінен бөлек, ауруханаға жеткізілген үш полиция қызметкері де көз жұмды.
Алдын ала болжам бойынша, күдікті 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны. Ол демалыс күндері әйел адамды өлтірді деп айыпталуда.
Қалада күдіктілердің бірін ұстау үшін барлық шаралар жүргізіліп жатыр.