Алматыдағы антитеррорлық операцияларға орай қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды
Айта беретін аты жаман террорлық атыс Алматының қақ ортасына да келді!..
Бұрын интернет пен телеарналардан көретін террорлық әрекеттерді енді Алматылықтар өз көздерімен көруге мәжбүр болуда! Алматыдағы Алмалы ауданында, Төле би мен Абылай хан даңғылдары қиылысқан маңда полицейлер мен белгісіз адамдар арасында канқұйлы атыс болды. Ауыр жараланған полиция қызметкерлері мен тұрғындар бар... Бір қылмыскердің қолға түскен видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Атыс қаланың тағы бірнеше жерінде болып жатыр деген хабар түсті!..
Қалалық ІІД Алматыда антитеррорлық операция жүргізіліп жатқанын ресми түрде хабарлады.
"Алматы қаласы бойынша "Ұстап алу" операциясы жүргізілуде. Күдіктілердің бірі қолға түссе, екіншісі іздестірілуде. Полицейлер арасында қайтыс болғандар бар. Оқиға туралы қосымша ақпараттар хабарланатын болады", - делінген ІІД хабарламасында.
Алматыдағы антитеррорлық операцияларға орай қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды.
“2016 жылдың 18 шілдесі сағат 12:20-дан бастап Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланады”, – делінген хабарламада.
Қызыл деңгей – террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы белгісі болып саналады.
Алматылықтар мен қонақтар, сақ болыңыздар! Көшеге, көпшілік орындарға шығуды тоқтата тұру керек!
Qazaquni.kz