Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды
2016 ж. 18 шілде
2028
1
Алматыдағы антитеррорлық операцияларға орай қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды.

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
"2016 жылдың 18 шілдесі сағат 12:20-дан бастап Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланады", - делінген хабарламада.
Қызыл деңгей - террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы белгісі болып саналады.