«ҚАЗАҚ ҮНІ» қарсылықтарға қарамай ҚАЗАҚ ҮНІ БОЛА БЕРЕДІ
2016 ж. 18 шілде
2705
2
“Қазақ үні” порталы серверіне жасалған шабуыл тойтарылып, сайт қайтадан біріші орынға шықты
Екі күн бұрын “Қазақ үні” ұлттық порталы серверіне шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз. Яғни, сайттың IP адресі бұғатталып, xостинг тарапынан шектеулер болып, санақ сайттар “Қазақ үнін” санаққа алмай қойған еді. Соның салдарынан алда келе жатқан сайт рейтингі бір күннің ішінде Zero.kz каталогы бойынша 300-ші орынға бір-ақ түсті. Соның нәтижесінде сайттың жұмыс істеу жылдамдығы азайып, рейтингтері күрт төмендеп, кейбір өтімді мақалалар ашылмай қалды. Сайттар 300 оқырманнан артық қолданушыларды қабылдай алмады. Qazaquni.kz редакциясына хабарласқан оқырмандар сайтқа кіру қиындық туғызып жатқанын хабарлаған болатын.. Осылай еліміздегі беделді қазақтілді интернет басылымдарға серверлік шабуылдар жасау жоспарлы іс екнін анықталды... Бұл шабуылдардың артында кім тұрғаны, өкінішке орай, белгісіз. Бір анығы – қазақтілді басылымдарға шабуыл жасаушылар Тәуелсіз Қазақ елінің Ұлттық мүддесіне қарсы топтар екені айқын… Қазір “Қазақ үні” ұлттық порталы серверлік шабуылдардың бетін қайтарды. Қазақтың үні бола біліп, ұлттың мұңы мен жырын жырлап, ұлттық мүддені қайсарлықпен қорғап келе жатқан ұлттық портал қазақтілді сайттар ішінде қайтадан маңдайы жарқырап, бәрінен оқ бойы озып шықты. Sanaq.kz сайттар рейтингі бойынша да, тіпті 5549 сайт тіркелген Goto.kz рейтингі бойынша тек қазақтілді емес, орыстілділерді қосқанда да, жалпы БАҚ аталымы бойынша бірінші орында тұрмыз. Бірнеше тілдегі 7 мыңға жуық сайт тіркелген Zero.kz каталогы бойынша қазақтілді ақпарат сайттарының ішінде бірінші орында тұр. Бұрыннан келе жатқан Top.kaz.kz, liveinternet.ru рейтингтері бойынша да алдыңғы қатарда келеміз. Халықтың ойын айтып, сөзін сөйлеген сайтты халық та, іздеп, оқып жатыр. Арман-мұңын жазып жатыр. Бүгінгі күннің саңлақ сайты болып отырған Qazaquni.kz ұлттық порталына бұдан артық қолдау жоқ! «Қазақ үні» Қазақтың үні бола береді! Qazaquni.kz