Бүгінде Қазақстанда ғана емес, әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі - терроризм екені белгілі. Бұл тақырып жөнінде айтылмаған сөз, жазылмаған мақала қалмаған шығар. Дегенмен, лаңкестікпен күресте халыққа дұрыс ақпарат жеткізе білу де - содырлармен күреске қосылған үлес. Осы орайда "Қазақ Үні" ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-лейтенанты Жеңісбек Жұманбековтің
vlast.kz порталына берген сұхбатын қысқартып, назарларыңызға ұсынады.
70-ші жылдары-ақ Алматыда экстремизммен күрес жүргізіле бастаған еді...
- 1972 жылы кіші лейтенат шенінде мен Алматыда мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне (КГБ) қызметке тұрдым, - дейді Ж. Жұманбеков. Жұмысым діни экстремизммен күреске тікелей негізделген. Ұлы Отан соғысы жылдарында өзге елдердің барлау қызметіне қызмет етіп сотталғандарды, жергілікті экстремистерді, билікке наразыларды бақылауда ұстадық. Насихат жұмыстары өте қатты жүргізілген. Қазіргідей олқылықтарға жол берілмейтін.
Тапанша ұстап жүгірмейтін едік. Қару-жарақ - амал-шара қалмағанда қолданылады. Ол кезде халықтың жауапкершілігі мен патриоттық тәрбиесі мықты еді. Әсіре діншілдермен жұмыс істеу кезінде КГБ қызметкерлері Құранды жіті білуге міндеттелген. Сондықтан, біз ең алдымен өз білімімізді, өзімізді жетілдіруге тырыстық.
70-80-ші жылдары Қарағандыға ауыстым. Ол қалада радикалды топтар белең алған сол уақытта. Қолдан қару, тіпті, бомба жасай алатын адамдары болды. Олармен сауатты сұхбат негізінде жұмыс істедік. Әрине, шектен шыққандарға қатал қарауға тура келді.
...1997 жыл. Үйімде зейнеткерлікте жатқан кезім. Бір күні телефон шырылдады. Нұрсұлтан Назарбаев хабарласып тұр екен. "Барлау" қазақстандық барлау қызметі құрылғалы жатқанын, соған орынбасар болып келуіме ұсыныс жасады. Келістім. ҰҚК-де қызмет еткен жылдары ЦРУ, кореялық барлау қызметтерімен байланыс орнатқан едік. "Барлаудың" алғашқы жұмыстары сол қарым-қатынастарды кеңейтіп, ұлғайту болды. Кейін қаржылық дағдарыс салдарынан бұл ұйым жабылды. Ал, мен Тәшкенге өзбек барлау қызметімен байланыс жасауға жолдандым.
Терроризммен күрес туралы да генерал өз ойларымен бөлісті.
- ДАИШ - қарапайым ұйым емес. Олардың басшылығы өте мықты. Ресурстары күшті. Олардың сарбаздарының дені Саддам Хусейн әскерінен шыққандар. Біздің ДАИШ секілді ұйымға қарсы тұра алатын идеологиялық негізіміз жоқ екендігін мойындауымыз керек.
Қазақстанда радикалды жолға жастар көп түседі. Экстремистер - риториканың хас шеберлері ғой. Мысалы, олар: "Заңды адам шығарды, Құранды Алла түсірді. Кімге көп сенесің? Алла Тағалаға ма, әлде, адамға ма?" деп сұрақ қояды. Жастар осыған еріп кетіп жатыр. Өкінішке орай...
Материалды көшіріп басу үшін qazaquni.kz порталына сілтеме жасауыңыз қажет. Материал орыс тілінен аударылған.