БАҚ Ақтөбе даласында ваххабиттер жасырын жаттығулар өткізіп жатыр деп хабарлауда
2016 ж. 10 шілде
4187
1
Радикалдық ағымға бой ұрған адамдар бірнеше жылдан бері жануарларды дәлдеп атып өлтіріп, Ақтөбенің жазық даласында жаттығу жүргізіп жүрген көрінеді. Бұл туралы аңшылар мен орманшылар баяндап берген.
Сурет diapazon.kz
Бұл туралы Aktobetimes хабарлайды.
“2014-2015 жылдары браконьерлер олармен Саркөл ауылы аумағында төбелесіп, атысып қалады. Олар түнгі уақытта дайындалады екен. Біз оларды ұстамақшы болған кезде олар қарсылық көрсетті. Таңертең көліктің капотынан қапшыққа салынған бытыралар табылды. Онда ол жазба қалдырып, тағы бір шабуыл жасалса осы бытыралар сенің денеңде болады деп жазыпты”, – дейді бұрынғы аңшы.
Оның сөзінше, әлгі адамдар аңдарды отбасына тамақ апару үшін емес, жаттығу үшін атады екен.
“Олар “Пикаптармен”, “Газелмен” барады. Мұнай ұрлау есебінен өмір сүреді. Олар өте ұйымшыл және мұқият. Тұтқындап жатқан күнде де өз-өздерін қалай ұстау керектігін біледі”, – дейді аңшылар.
Аңшылар Қарғалы ауданында атыс дауысын бірнеше рет естіп, дәлдіктерін шыңдап жатқан адамдарды бірнеше рет көрген. Сондай қауіпті орындардың бірі – Бесқопа ауылы екен. Көптеген орманшы мен аңшылар осы өлкеден алысырақ жүруді дұрыс көреді. Енді орманшылар өздерінің бас амандығына кепілдік берілсе, ваххабиттердің жасырын жаттығулары туралы қауіпсіздік орындарына хабарлауға да дайын екен.
“Хромтау ауданында осындай топты жеті жыл бұрын көргенмін. Олар аққуларды атып жатты. Ал екінші оқиға Родниковка ауылында болды. Мен үлкен жүк көлігін және соғыс тәртібіндегі тоғыз адамды байқадым. Онда жаттығу өтіп жатқаны белгілі еді. Бұл жетуі қиын орындардың бірі еді. Ал келесі күні ҰҚК өкілі аталған ауыл маңында ресми жаттығу өтпегенін айтты”, – дейді Александр Мандрыкин деген аңшы.