КҮРIШ пен БИДАЙ (трагедия)
2016 ж. 07 шілде
2648
1
Ақын (ойлы қалыпта):
– Еңку-еңку еңсерген,
Ер үстiнде теңселген,
Ел едiк-ау еңселi.
Елім, биiк еңсеммен,
Сүйiп өтем мен сенi,
Көк Түріктік өлшеммен!
Халық (уайымды түрмен):
– Кетпесiн деп керi күн,
Айға ұлыған бөрiмiн.
Уысында ұяттың,
Қайрап намыс-көрiгiн,
Дүбiрiнен тұяқтың,
Түн ұйқымнан жерiдiм.
Ақиқат (күрсініп):
– Қыр астында құрысқан,
Қара ниет зымыстан.
Ел басынан аттаған,
Елбасыңмен ұғысқан.
Қарақұрттай қаптаған,
Қытай келді шығыстан.
Тарих (ойлы түрмен):
– Арамшөптей қаулайды,
Жымысқымен жаулайды.
Қарыз беріп, құл етіп,
Ұл-қызыңды баулайды.
Жеріңді алып болған соң,
Астанаңды даулайды.
Ақын (күйініп):
– Сайтан пиғыл секiлдi,
Сұм келедi не түрлi.
Көптiң аты көп деген,
Көресiң бе нөпiрдi?
Қилы заман беттеген,
Тынышымды кетірді.
Халық (шарасыздықпен):
– Омыртқамыз майысты,
Қабырғамыз қайысты,
Қысық көзді құмарлық
Төрімізге ойысты.
Төбемізге шығардық,
Қасиетсіз нойысты.
Ақын (күйініп):
– Ұлы Ақиқат, сен айтшы:
Бiр қап күрiш iшiне,
Бидай салып бiр кесе.
Не болады замана
Диiрменiн үрлесе?
Ақиқат (терең күрсініп):
– Күрiш өтіп тезінен,
Өшіп бидай атағы,
Бидайыңның көзiнен
Күріш шығып жатады,
Күріш шығып жатады...
(Ақиқат пен Тарих ренжігендей, теріс айналып кете барады)
Темірғали КӨПБАЙ
qazaquni.kz