Елорда күні "Елорда" сөзін дұрыс жаза алмаған "Евразия" арнасы

"ЕЛРДА",   "САЛАТАНАТЫ"-деп, елорда салтанатының быт-шытын шығарған арна

Қазақша жаза алмай, екі сөзден екі қате жіберсе, халыққа қалай дұрыс ақпарат жеткізе алады?!.

Бұған дейін жер дауына қатысты Атырауда өткен митингке қатысқан халықты қаралаймыз деп масқарасы шыққан "Евразия" арнасы тағы да өздерін кәсіби емес журналистер мен сауатсыз редакторлардың ордасы ретінде танытып қалды.

Жаңалықтар қызметін қараймын деп қазақ тіліне мән бермейтін, қазақ тілін менсінбейтін арнаның тірлігіне тап болдым. Елорда күні "ЕЛОРДА" деген бір сөзді дұрыс жаза алмай, "ЕЛРДА  ЕҢСЕСІ - ЕЛ ЕҢСЕСІ" деп, ел еңсесін бір-ақ түсірді...  Бас тақырыптың өзін өрескел қате жазған, өздерін өздері №1 арна санайтын "Евразия" тілшілерінің біліктілігі туралы сөз қозғаудың өзі артық секілді. Өйткені, қате тек бұл емес, "САЛТАНАТЫ"  деген сөзді де "САЛАТАНАТЫ"-деп, Астана салтанатының быт-шытын шығарған...

"Евразия" арнасы Астана күніне орай мұндай жауапсыздық пен сауатсыздыққа қалай барып отыр? Қаншама редакторлар мен мамандар отырған ірі арна "ЕЛОРДА" мен "САЛТАНАТЫ" сөздерін  қате жазуымен   қазақ тілін менсінбейтіндігін көрсеткісі келді ме?

Көршілес Ресей Федерациясының арнасы қазақ тілді журналистерін сауаттылыққа үйретіп, мемлекеттік тілде қате жібермеуі керек. Әйтпесе, осы елдің иесі - қалың қазаққа - "Евразияңның" құны онсыз да көк тиын емес пе?!.

Алтай Сағидолда,

Астана қаласы

qazaquni.kz