Трайбалист-тарихшы қазақ та, қазақ өнері де Адайлардан тараған деп мәлімдеуде
2016 ж. 06 шілде
6581
4
Қазақтың киіз үйі, қара домбырасы және айтыс өнері бүкіл әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде «ЮНЕСКО» тізіміне енді.
Қазақ халқы «ес жиып, етек-жеңін жинағалы бер» қара домбырамен бірге жасасып келеді. Домбыраның тегі жайлы талай зерттеуші-ғалымдар өз хал-хадерінше тер төкті. Білгендерін ортаға салды.
Өнербек Ахметтің айтуынша, Ортағасырлық, әсіресе Түрік қағанаты кезіндегі (VІ-VІІІ ғғ.) көшпенділердің музыкалық мәдениеті туралы құнды құжаттар Нара (Жапония) қаласында Сесоид императорының қазынасында сақталған. Тарихи экспонаттардың ішінде ерекше назар аудартатыны Дунухуадада табылған түріктің ноталық хаты (партитура, табулатура). Бұл Будданың жиырма бесінші сутрасының нотасы, оның әуені қазақтың халық әні “Гәккуге” сәйкес келеді. Ол кезде жапондықтар Шығыс Түркістанның музыкалық аспаптар оркестрін гагаку деп, осы аспаптарда ойнау әдісін билли деп атаған. Бұл сөздер қазақтың гәкку – әуен, музыка, би сөздеріне ұқсас. Ыбырай Сандыбайұлының творчествосы жайлы жазылған кітап “Гәкку” деп аталған. Биллиді – билер елі десек дұрысы осы болар.
Қазіргі қазақтың жазық даласы орта ғасырларда «қыпшақ даласы» деп аталған. Қыпшақ даласының оңтүстік және батыс аймақтарының халқын орыстар мен поляктар “половцы” (“далалықтар”) десе, батыс еуропалықтар – “кумандар” (“қаз адамдар”) деп атаған. Ол уақытта қыпшақтардың әсері жоғары болған және тілі кең тараған. Бүның айқын дәлелі – “Кодекс Куманикус” (1303 ж.) кітабы. Бұл кітапта бізге келіп жеткен қыпшақ әуендерінің романдық квадрат ноталары түрінде жазылған нота жазбалары бар, олар кейіннен батыс европа музыкасында католиктік хорлар үшін қолданылған.
Қазақтың музыкасын зерттеуші Б.Ерзакович “Біздің болжауымыз бойынша “Құман кітабында” қазақтардың музыка тілінің белгілері бар деп сенімді түрде айтуымызға болады” деп жазған. Оның осы сөзінен біз халқымыздың сазды шартты белгілермен (ноталармен) жазу үрдісінен бұрыннан хабардар болғанын байқаймыз. Біз әннің мазмұнын талдай отырып, қазақтың музыкалық тілінің кейбір элементтерін, атап айтқанда, “Ақсақ құлан” күйі мен “Елім-ай” әнінің әуендерінен байқадық”. Ал, қазіргі кейбір музыка зерттеушілер нота сауаты Қазақстанға ХХ ғасырдың 20-30 жылдары келді деп жүр.
Музыкалық аспап – музыкалық терминология мен музыканы толығымен түсінудің негізгі факторы, себебі ол – оның жалғыз “құжаты” және материалдық ізі. Ол бұрынғы тарихты, мәдениетті, халықтың ғасырлық музыкалық салтын танытатын болғандықтан да өте қүнды.
Ертеректегі музыка және музыкалық аспаптар жөніндегі әдеби мәліметтер Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) “Музыка туралы ұлы трактатында” бар. Мұнда сол уақытта белгілі болған музыкалық аспаптар сыбызғы, домбыра, сырнай, керней, қобыз, канун, уд, цимбал (чанг), тамбур, рабаб, дабыл, даңғыралар сипатталған және жүйеленіп көрсетілген. Сонымен қатар мұнда түрік тайпаларының тұрмысы және жеті ішекті арфа туралы айтылған. Онда ғалымның өзі ойлап тапқан қыпшақ деп аталатын үрленіп ойнайтын аспаптары туралы мәлімет те бар. Біз бұл әрекеттен Әл Фарабидің тегінің қыпшақ екендігін айқын аңғарамыз. Әйтпесе, оның ойлап тапқан аспабы «қыпшақ» деп аталмаған болар еді. Бұл трактатта әл-Фараби музыкалық бұрауларға математикалық дәйектеме беріп, теориясының негізін қалады.
Түсініктеме: Атам қазақтың сөз жасау және ата-тек жазу қағидасы бойынша Әл Фараби есімінің алдында тұрған Әл (Ал) сөзін Алаш (Алшын) деп оқысақ дұрысы сол болады. Қазақтың шежіре дерегі бойынша «Қыпшақ» қазақтан тарайды, яғни қыпшақ қазақтың баласы.
Қазақ аспаптары туралы құнды мәліметтерді ауыз әдебиетімізде жиі ұшырастырамыз. “Алпамыс батыр” жырында үрлеп тартатын және соғып ойналатын аспаптар: керней, сырнай, дабыл, шыңдауылдың аты кездеседі. Кейбір ежелгі аспаптар халық әндері мен өлеңдерінде, мысалы, “Жетігеннің жетеуінде” дәріптеледі. Жетіген мен домбыра атаулары Дәуіттің Забурінде (қасиетті төрт Кітаптың бірі) сол елдің ұлттық аспаптары қатарында аталады.
Арал маңындағы Қойқырылған қаласына қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған, қолында қос ішекті домбырасы бар ер адамның күйдірген саз балшықтан жасалған мүсіні біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ ғасырдан қалған екен.
“Майтөбе” жайлауынан (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) теңіз деңгейінен 2000 метрлік биіктікте орналасқан, ұзындығы 13 километрге созылған жоғарғы тау шатқалындағы көптеген суреттердің арасынан тастан қашалған көне домбыраның суреті табылған. Суретте домбыраның артында бес адамның әртүрлі қимылда билеп тұрған бейнесі салынған. Сурет көне дәуірдің бұл музыкалық аспабы қазақ халқының домбыра аспабынан басқа ешбір музыкалық аспапқа ұқсамайтындығы талас тудырмайтын деңгейде бейнеленген. Аспаптың екі құлағы бар, яғни екі ішекті, ұзын мойны, кеудесі бар, бетін бетқақпақпен жапқан. Домбыраның басына үкі тағылған. Ал домбыраға үкі тағу әдеті бізге күні бүгінге дейін жеткені баршаға мәлім.
Белгілі археолог, тарих ғылымының докторы Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар тасқа қашалған осы суретті зерттеп, бұл сурет кем дегенде неолит (б.д.д. 4000 жыл) дәуірінде бейнеленген деп тапқан екен. Осы сурет шындығында біздің жыл санауымыздан төрт мың жыл бұрын бейнеленген болса, онда мынадай: «жер бетіндегі ішекті музыкалық аспаптардың арғы атасы қазіргі қазақтың қара домбырасы», - деген.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын зерттеу – қазақ мәдениетін үйренудің көзі. Домбыра – қазақ халқының ең сүйікті ұлттық аспабы. Домбыра музыкасы тарихы халықтың тарихымен тығыз байланыста дамыды. Олар табиғат, адам туралы өмірлік тәжірибені жеткізе отырып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп отырды.
Қазақстан территориясында б.д.д.VІІ-ІV ғғ. өзінің артынан рухани, әсіресе қолданбалы өнер, ауызша және музыкалық творчествосында бай мұра қалдырған сақ тайпалары өмір сүрген. Сақтар кезінде, әсіресе, сыбызғы мен домбыра кең таралған болатын. Олардан біздің дәуірімізге дейін жеткен және халық арасында әлі күнге дейін танымал ежелгі күйлер ішінен “Шыңырау”, “Аққу” және т.б. атауға болады. Қазіргі қазақтың бесік жырлары, олардың әуені, ритмикасы бастауын сол уақыттардан алады. Ғылыми зерттеулердің дәлелдеуі бойынша қазақтың ысқышпен ойналатын аспабы – қобыз сақтарда да болған.
Сақтардың тегі Қаз Адайдың Ақпаны. Шежіре дерегі бойынша Адам ата ұрпақтарының бесінші буынын құрайды, яғни олардың сандық атауы бес. Бес деген бағаның ақиқатқа қойылатынына қандай дау бар. Олар әлем тарихында Аққад деген атпен де белгілі. Сақтың сөз түбірі (өз түбі, яғни түп атасы) Ақ (осы түбірден ақиқат, аға, ағаш, ақыл, ақын т.т.) болатыны осыдан. Сөз түбірі жаңылыспайды.
Б.д.д. ІІІ-ІІ ғғ. Ғұндар (Күндер, Күн елі) әлемдегі қуатты мемлекеттердің бірін құрған. Ежелгі қытай жазбаларында Ұлы Қытай қорғанының артындағы мемлекеттер ғұн қағанатының билігінде болған деген мәліметтер сақталған. Алтай тауларынан Арал теңізіне дейінгі елді мекенді жайлаған ғұн тайпалары бір тілде, яғни қазіргі қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Олар тек тамаша жауынгер ғана емес, сонымен қатар, олардың арасында талантты ақындар, музыканттар, жыршылар және күйшілер көп болған. Ғүндарда да қазақтардағы сияқты әндер сыбызғы да, домбыра да, қобыз да ойнаумен сүйемелденген. Біздің уақытымызға дейін жеткен ғұндардың күйлері: “Кеңес”, “Сары өзен”, “Шұбар ат”. Б.д.д. ІІ-І ғғ. әлі күнге дейін аты ұмытылмай келе жатқан ұлы күйші, сыбызғышы Саймақ өмір сүрген. Қазақтар қазірде оның “Сары өзен” күйін (“Сары өзен” – “Желтая река” немесе қытайша “Хуанхе” дегенді білдіреді) орындайды. Бұл музыкалық туындылар және музыкалық аспаптар қазақтардың осы ежелгі халықтардың ұрпағы екенін куәлендіреді. Әлемге әйгілі Еділ патша (Аттила) осы Ғұндардың көсемі. Еділ патшаның тегі Атам Қазақтың рулық шежіресі бойынша Қазақ – Алшын (Бекарыс) – Он екі ата Байұлы - Адай – Келімберді – Тобыш – Көпес – Еділ болып таратылады. Еділ патшаның тікелей ұрпақтары Қараштар Маңғыстауда күні бүгінде де ғұмыр кешіп жатыр. (Бұл шежіре Ыбырайым ахун Құлыбайұлының «Қараш тегі» дастанынан алынды).
Б.д. VІ-XІ ғғ. Ертіс жағалауларында қимақ қағанаты өмір сүрген. VІІ ғ. қимақтар Ертістен Алтай тауларына дейінгі территорияны жайлаған. Қыс уақытында олардың бір бөлігі табынмен бірге Сырдарияға көшкен. Тарихи мәліметтер бойынша, қимақ қағанаты он екі тайпадан құралған. Бүгінгі Қазақтың - Кіші жүзі - Бекарыстың кенжесі - Он екі Ата Байұлдары солардың ұрпағы. Олар қағанға бағынған. Бекіністер мен қалалар салған (қимақтардың 16 қаласы белгілі). Қағанаттың астанасы Ертіс жағасындағы бекініс қала Қимақия болды. Қимақ қағанатында жазу дамыған. ХІ ғ. қимақтардан белгілі ғалым Жанах ибн Қаған әл-Кимаки шықты. Ол қимақтар туралы кітаптар жазған. ХІ ғ. қимақ қағанаты ыдырады. Қыпшақтар – олардың ұрпағы. Қазақтарда әлі күнге дейін қыпшақтар тайпасы сақталған (Орталық және Солтүстік Қазақстан).
Домбыра қимақтардың музыкалық аспабы болған. Бізге олардың келесі сүйікті әуендері мен күйлері жеткен: “Ертіс толқындары”, “Мұңлы қыз”, “Тепең көк”, “Ақсақ қаз”, “Боз-інген”, “Желмая”, “Құланның тарпуы”, “Көкейкесті” және т.б.
Адайдың шежіре дерегі бойынша Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің үшінші баласы, яғни Адайдың бесінші немересі Балықшының ата-анасының азан шақырып қойылған есімі Шыбынтай делінеді. Шыбынтай мен Қыпшақтың «ыб (ып)» деген бір түбірден болатыны осыдан. Бұлар синоним сөздер болып табылады.
1298 жылы Ұлы Татарияға ат басын тіреген алыс Италияның негоцианты Марко Полоның (1254-1323) татар шайқастарына берген сипаттамасында әндер мен музыка үні шығады: “Татарлар көсемінің накары соғылмайынша шайқасты бастамайды, накар соғыла салысымен ұрысқа кіріседі. Татарларда мынандай да салт бар: олар шайқасқа дайындалған кезде, накар ұрылмайынша, ән айтып, екі ішекті аспапта жайбарақат ойнай отырып, ұрысты күтеді. Олардың ән айтуы мен көңіл көтеруінің тамашасы таңқалдырады”. Жүйкелік ширығуды алу, белгілі психологиялық көңілді құру үшін ән айтқан. Парсылық накар сөзі барабан, кимвал дегенді білдірсе, ұрыс алдында ойнайтын екі ішекті аспабы қазақтың домбырасына ұқсас. Оның сипаттамасы “Здесь описывается Великая Турция” деген тарауда көрсетілген.
Татардың сөз түбірі Ат (Ад). «Мұңалдың құпия шежіресінде» бұл екі тайпаның Татар мен Мұңалдың (Моңғолдың) туыс тайпа екендігі айқын жазылған. Мұны қазіргі Татарстанның ежелгі атауының Қазан (Қазақ) хандығы деп аталғандығынан да айқын көруге болады. Олардың күні бүгінгі астанасының Қазан деп аталатынының да сыры осы.
Домбыра деп аталатын аспап мәдениеті, тұрмысы және тарихы бойынша қазақтарға туысқан, жақын халықтардың көбінде сақталған. Тәжіктің думрак, өзбектің думбыра, думбрак, қырғыздың комуз, түркменнің дутар, баш, думбырасын салыстырыңыз. XІV ғасырдағы жазбаларда көрсетілген орыстың музыкалық аспабы домраның алғашқы түрі қазақтың домбырасына өте ұқсас. Олардың аттарының ұқсастығы және пайда болуы бірдей екендігі де атап көрсетіледі.
В.Ф.Платоновтың еңбегінде “домра, домбра, думбыра, думбара, думбрак және т.б. қазіргі көптеген түркі, солардың ішінде қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қалмақ тілдерінің этнографиялық лексикасында шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспаптың атауы ретінде белгілі. Оны миграциялық термин деп қарастыруға болады. Ол Русьте XVІ ғасырдың бірінші жартысында пайда болған” делінеді.
А.Жұбановтың болжамы бойынша “Домбыра” сөзі “қозы құйрық” дегенді білдіретін “дунбаh” және “бурра” деген екі араб сөз тіркесінен пайда болған. Шындығында да домбыраның шанағының пішіні конус тәрізді және қозының құйрығы сияқты аяқталады. К.Жүзбасовтың айтуы бойынша, домбыра лексемасы тікелей музыкалық орындаумен байланысты екі сөзден тұрады: дем және беру. Қазақ тіліндегі еліктеуіш формасы: “дом, дон, даң, дүңнен туындылар пайда болады: даңғыр – шу, шуылдау, шылдыр, дабыр. Даңғыра – ұрып ойналатын аспаптың түрі, дүңгір – көмескі үн, діңгір – төмен дыбыс. Бұлар берілген мәндердің барлығына ортақ. Дыбысты бейнелейтін сөздерде осы дауыссыз дыбысты пайдалану домбыраның этимологиясын дыбыстың сипатымен байланыстыруға мүмкіндік беретін жұмсақ вибрацияны, жаңғырықты, шылдырды құрады.
Зерттеулердің барлығы дерлік, аспаптың дыбысты бейнелейтін этимологиялық атауы түрік тілдері қатарында бар екенімен расталады. Татар тілінде dumbra – балалайка, dombura – гитара, түрік тілінде tambura – гитара, монғол тілінде dombura – домбра, қалмақ тілінде dombr – домбыра. Домбыра атауының этимологиясына көптеген зерттеулер жүргізілген, бірақ оны нақты орныққан деп айтуға әлі болмайды, деп тұжырымдайды. (Дерек көзге Өнербек Ахметтің «Қазақ домбырасының тарихы» атты еңбегі пайдаланылды).
Бізге бүгінде, шынында да, қазақтың қара домбырасының тарихы тіпті әрі де екендігі белгілі болып отыр. Ол жөнінде, ғалым-этнограф Жағда Бабалықұлы мынадай деректер келтіреді. «Жамбыл ауданындағы Майтөбеден табылған тастың бетіндегі домбраның суреті осыдан алты мың жыл бұрынғы мәдениет екенін ғалымдар дәлелдеді. Яғни, алты мың жылдың алдында біздің домбырамыз болған». «...Египет пирамидаларының жер асты бөлігіндегі мәтіндегі екі ішекті, тиегі бар, қазақтың қара домбрасының суреті салынған» (Илл 9 Египет. Б.з.б ІІІ ғ. Манхерпері ХҮІІІ династиясының папирусы «Өлілер кітабы, 148-інші тарау» (М.М.Ақмырзаев. Адай уезінің жазба мұралары. Алматы. 2006. (4 бет). Енді осының қасына Египеттегі мұражайға қойылған қойдың асығының (ойыншық) алып пирамидалардың біреуінің «иесі» Тутонхамонның бала кезінде ойнаған ойыншығы екенін қосыңыз. Демек, пирамиданың «иелері» асық ойнап, домбыра тартқан. Қасиетті Құран Кәрімде Пирамиданы иемденген елдің (Перғауынның) әскерінің атауы «Қазық» деп аталған. «...Қытай қазақтары «Шыңырау» күйін тартпас бұрын оның аңызын айтып алады. Шыңырау деген қыран болыпты. Ол жылына бір-ақ жұмыртқа табады екен. Оны қанаты бар айдаһар жеп кететін көрінеді. Ең соңғы жұмыртқасын дүниеге келтіргенде шыңырау «не мен өлуім керек, не айдаһар өлуі керек» деп белді бекем буады. Соңғы жұмыртқа үшін аспандағы айқаста шыңырау қанатты айдаһарды жеңіп, жерге өлтіріп түсіреді. Осыдан кейін күй басталып кетеді. 1852 жылы қытайлар Шыңдау деген жерден екі қанаты бар айдаһардың сүйегін тапты. Сонда былай деп жазыпты: «бұл жануар осыдан 20-25 мың жыл бұрын өмір сүрген». Демек, сенің «Шыңырау» күйің осыдан 20-25 мың жыл бұрынғы айдаһармен замандас екен. Сенің домбыраң бұдан 20-25 мың жылдардан да бұрын болған екен.
«Венгр-угор мифологиясында «Шаркань» деген ұғым бар. Шаркань – денесі жыландардікіндей болатын қанатты айдаһардың аты» (С.Кондыбай. «Есен – Қазақ» 126 бет). Осы Шыңыраудың тарихи отанын Манқыстау деуімізге толықтай негіз бар. Оның топономикалық айғақтамасы: Манқыстауда Шыңырау, Қосшыңырау, Қисықшыңырау, Шыңғырлау, Сыңғырлау, Ақшымырау атты микротопонимдер көптеп кездеседі. Қазақта «Шыңырау» ең алыс деген сөздің баламасы ретінде, ең терең құдық, яғни Шыңырау құдық делінеді. Енді осыған Манқыстау облысы, Манқыстау ауданы, Бейнеу кентіне жақын, одан оңт-шығыс бағытта 130-140 шақырымда Қисықшыңырауға жақын жерде Сүмбе-тамыр алан деген жер бар екенін қосыңыз. Кейбір деректерде ол Сүмбетемір алан, яғни темір мұнара дегенді білдіреді деп жазылып жүр. Сүмбетемір алан – тек қана темір мұнара алаңы дегенді емес, «терең тамырлы алаш», яғни тамыры өте тереңде жатқан қазақ дегенді білдіреді десек, өте көкейге қонымды болып, Шыңырау мен бірге әдемі үйлесіп кеткен жоқ па?! Оның үстіне мифтік қанатты айдаһарды «Манқұс» деп атайтынын қосыңыз. Сонда бұл күні кешеге дейін, бүкіл қазақ білетін «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» болып шығады. Шежіре де Майқы би ежелгі қазақтың бас биі болыпты делінеді. Майқы би теңдессіз ұлы мәдениетімен әлемді таңдандырып келе жатқан ежелгі Маялардың атасы. Оларда өз бастауын қазақ даласынан алады. Маңғыстауда Мая мола деген қорым күні бүгінде де бар. Демек, бұл мақалдың негізгі мағынасы жер бетіндегі адамзаттың бәрінің түбі бір, бәрін бір Алла жаратты және бүкіл әлем мәдениеті қазақ даласынан, яғни қазақтан тарайды дегенді білдіреді. Бұған тағы бір дәлел бүткіл жер бетіндегі барлық ішекті музыкалық аспаптардың атасы қазақтың қара домбырасы болғаны сияқты, барлық үрмелі аспаптардың да түп атасы қазақтың қарапайым ғана қурайдан жасалған сыбызғысы, ал «скрипка» сияқты аспаптардың түп атасы қазақтың қобызы, «барабан» сияқты аспаптардың түп атасы қазақтың дауылпазы, күні бүгінгі жер бетіндегі барлық дөңгелегі бар көліктердің де атасы қазақтың арбасы, ал барлық сәнді сарайлардың да түп атасы қазақтың ағаш үйі болып шығады.
«Ғалым геолог М.Медоев алғашқы қауым адамдарының бір тұрағы Маңғыстау болғанын» дәлелдеп жазды (Ө.Озғанбай «Ұлы бесін» Алматы-2010. 177 бет).
Адамзатты ең ұлы мәдениетімен таңдандырып келе жатқан ежелгі Шумерлерде домбыраның «құлағында» ойнаған. Олардан қалған қыш кітаптарда домбыра бейнесі көптеп салынған.
Жақында әлемдік БАҚ-дары әлем елдері тіл ғылымы осыдан 6000 жыл бұрында бүкіл әлем елдерінің бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгенін жариялады. Әрине, ол тіл Қазақтың АНА тілі. Бүкіл жер шарындағы жер, су, тау, ұлттар мен мемлекеттер және елді мекен атауларының қазақтың Ана тіліне сәйкес келетінінің сыры осы.
«Домбыра» – ұлттық аспап. «Домбыра» сөзінің қайдан шығып, қайдан қойғанының тарауы туралы тіл мамандары осы күнге дейін бір пікірге келе алған жоқ. Бұл туралы түрліше жорамалдар бар. Жорамал болғанда да барып тұрған тұзсыз жорамал. Өйткені, индо-европашыл оқымыстылардың ұстанған методологиясымен бұл сөздің көп жерге жайылып кетуі үйлессіз. Біздегі «домбыра» сөзін арабтың «тамбур» дегенінен алынған дейді. Парсы тілінде де мұндай сөз жоқ. Мұны парсыдан алынды деп ойлайтыны парсыда «дәнба» деген сөз бар. Бұл «құйрық» деген сөз. «Бәрә» деген «қозы» деген сөз. Сол екеуі қосылып «дәнбабаре» деген болуы керек. Домбыраның шанағы (түбі) қозының құйрығына ұқсас болғандықтан осылай аталды деп есептеледі. Мұндай топшылау ғылым жолымен нәрсені тексеруден пайда болып шыққан емес. Халықтың аңқау санасынан әлі кете алмай, соған еріп кеткен болып табылады. Орыстардың да «домбыра» дейтін инструменті бар. Бұл сөзді де, бұл инструментті де оқымыстылар орыстың өзінікі емес, орыстарға монғолдан келген дейді. ХII ғасырда Шыңғысхан жорығында орыс арасына монғол әкеліп тастаған. Сол сонымен монғол сөзі деп есеп қылады. Ол орыстарға монғолдан келген болсын, сол монғолдардың өзіне қайдан қалай келгендігін ашып беру оңай емес. Оның үстіне алыстағы Үнді теңізінің арасындағы бенгал елінің тілінде де осындай музыка инструменттерінің «тамыр, дамыр» аталатындығын ескі буржуазшыл тіл ғылымы ашып бере алмас еді. Ескі грек легендасындағы музыканың иесі болған Темерис деген соқыр адамның аты жайында (Яфетичесякий сборник) ескі көп деректер келтірген. Бұл сборниктің 6-кітабында «Соқыр Темір» жайында бір зерттеу басылған. Біздің қалауымызша орыстың «домбырасы», арабтың «тамбурасы», Бенгал елінің «тамиры», гректің «тамирі» бәрі бір нәрсе. Мұның бәрі де ерте кезде музыканың иесі, мұназасы болған бір ұғымның аты. Сол тамыр, дамыр сөзінен, бір жағынан, «гемир», екінші жағынан «йамыз» сөздері бошақтап, шашырап шыққан сөздер болуы керек. Сонымен «домбыра» сөзі бір елден ауып келген сөз емес. Бұл инструментте бір елден ауып, жылысып келген емес. Еуразия елінің бәріне де тегіс тараған, соның бәріне де музыка иесі болып саналған бір тотемнің аты болуы керек» (Қ. Жұбанов).
«Екі ішектің бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»
– деп белгілі ақын – Қадыр Мырзалиев дұрыс айтқан. Біздің ойымызша домбыра сөзінің түбір тұлғасы до болуы мүмкін. Бұның -до, -ре, -ми, -фа, -со, -ля, -си мен тығыз байланысты. До дыбыс дегенді білдірсе керек. Жел үрлеген ағаштың қуысы болуы әбден мүмкін. Қобыз, қамыс, абыз шығу генезисі бір сияқты. Кез келген аспаптың аты табиғатпен үйлесімді алынған. Адам алдымен қоршаған ортаны таныған, соған еліктеген. Демек, домбыра түркінің төл сөзі болып табылады. Қазақ тілінде жүн-жібір, қыл-қыбыр, қалбыр, шылбыр–быр қосымшасы + арқылы сөз жасау моделі ертеден бар құбылыс > до+м+быр+а. Олай болса, ем-дом тіркесіндегі дом осы домбыра деген лексемамен байланысты. Үнмен, әуенмен емдеу, бақсылардың аспабы болуы да мүмкін» (А.Қ. Тұрышев «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі» 5 Том. Павлодар-2008. 5-6 беттер).
Келіңіз қолымыздағы бар осы деректерді бірге саралайық:
Қолданылатын қағида, қазақ атам өз тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Барлық ұғымдар да авторлық құқық сақталып, автордың есімі сөз түбірінде (өз түбінде) өз атасының есімімен беріліп отырады. Осы қағидаға бойынша қазақ домбырасы «Қазақтың киелі қара домбырасы» деп аталады. Міне бізге осы төрт ауыз сөз домбыра жайлы барлық мәселені шешіп бере алады:
а. «Қазақтың» - домбыра тек қазақтікі деп «меншік» иесін, яғни авторлық құқықтың кімде екенін айғақтап тұр;
ә. «Киелі» - сөз түбірі «ие» мен «кие». Домбыраның иесі де, киесі де Қиян (Қият, Қимақ, Қыпшақ) қазақтар деген сөз;
б. «Қара» - Қазақ ақ пен қараны айыратын ақиқаттың атасы. Қар (ақша қар) мен ақ синоним. Қарамыз, сірә қара;
г. домбыраның шығу тегі жөнінде жоғарыда талдау жасадық. Домбыраға жалғанған «сы» жалғаулығы, домбыра кімдікі деген сұраққа жауап беріп тұр.
Домбыра – қысқартылған сөз. До, ом, дом, ыр, ыра, бы (би), быр (бір, пір) және «а» болып шығады. Сөз түбірі – Ом. Бастапқы буын До. Біз бұл жерде А.Қ.Тұрышевтың «Домбыраның -до, -ре, -ми, -фа, -со, -ля, -си -до мен тығыз байланысты» дегеніне тоқтаймыз. Қосарымыз, домбыра ең алғашқы музыкалық аспап болғандықтан музыкалық дыбыстың бас дыбысы автордың атына байланысты «до» мен басталып, «до» мен аяқталған. Бұл жерде домбыра жасаушы адамның «авторлық құқығы» сақталып отыр.
Ом – бұрынғы қазақ, қазіргі Ресей жеріндегі өзен атауы. Ом өзені Обқа қосылады. Осы Об өзенінің жағасында Томск қаласы болса, Ертіс өзенінің жағасында Ом (Омск) қаласы тұр. Шылым өзені Томск қаласының жоғарғы жағынан Обқа қосылады. Алғашқы буыны, яғни сөз түбірі Дом - Жұп-жұмыр болып, семіріп, күйіне келу, екінші мағынасы Қырғи ұстайтын ау, үшінші орыс тіліндегі мағынасы - үй. Ал, «быр (бір, пір)» жалғаулығына келсек, қазақта осы жалғаулықтан жаңбыр, сылбыр, сабыр, шылбыр, қалбыр т.т. с. сөздер туындаған. Быр, Бір, Пір (үйретуші ұстаз) – синоним сөздер. Бұлар сөйлемдер мен сөздердің қай жерінде қолданылса да бірінші, бастапқы, алғашқы деген мағына да қолданылады.
Қазақтың сөз жасау қағидасында «а» мен «ә» (Ауа–Әуе, Асыл-Әсіл, Асем-Әсем), «н» мен «ң» (Манқыстау–Маңғыстау, Жанбыр-Жаңбыр) т. т. болып қолданылатынын қаперге алсақ, бұл жерде де «б» мен «п» және «ы» мен «і» осы қағидаға бағынады. Демек «быр» сөзін бір, пір деп түсінуіміз керек. Ал «А» дыбысы, әрқашан да Алла, Ата, Аға, Алғы, Алдыңғы, Алғашқы, яғни бастау деген мағына береді. Әрине солай, жаңа туған нәресте де дүниеге «А-А-А» деп шыңғырып, айғайлай келеді емес пе? Демек, домбыра атауының толық мағынасы қазақтың музыкалық аспаптарын жасайтын Домбыауылға қазақтың барлық музыкалық аспаптарының бірінші ұстазы, пірі деген баға беріп отыр. Енді осының үстіне әлемнің көптеген елдерінің күн құдайын «Ра» деп атайтындарын қосыңыз.
Томск – сөзінің шығу төркіні қазақтың Томар, яғни кеспелтек жуан ағаш деген сөзінен. Бұрынғы домбыралардың барлығы осы томар ағаштан ойылып жасалатын болған. Тіпті күні кешеге дейінгі домбыралар осылай жасалған. Сол домбыраның біреуі бала кезімізде біздің үйде де болған.
Ом сөзінен қазақта Омыртқа, Омырау (адам денесінің мүшелері), Омарта (бал арасының үйі), Омалу (қимылдамай отырып қалу), Омақасу (аунап, құлап түсу), Томырық (тұйық мінезді адам), Домалақ (жан-жағы теп-тегіс, жұмыр зат), Домалақ (аты-жөні көрсетілмеген) арыз, Домалау, Домбығу, Домбыаяқ (аяғы топар болып қалған адам), Домбыауыл (домбыра жасайтын шебердің ауылы, бұны ең алғашқы домбыра жасаған адамдардың тұрағы десе де болады), Житомир (Украинада облыс атауы), Омбы - Ресей жеріндегі облыс атауы. Кавказдағы (Қазақтың ұлы тауындағы) Қарашай-Шеркеш елінде Домбай атты елді мекен мен Домбай өлген тауы бар. Меніңше, осы Домбайды ең алғашқы домбыраны жасаған атамыз десек те қателесе қоймаспыз. Себебі, қазақтың ежелгі қағидасында тау (Шың) атын иемдену, ел алдында мәңгі есте қалардай еңбегі сіңген тұлғаларға ғана тиесілі. Мысалы, Шыңғыс тауға берілген Шыңғыс қағанның есімі сияқты. Осы таудың ең биік жерін Мұңал шыңы дегені сияқты. Ақиқатында да барлық тау атаулары осылай дүниеге келген.
Сонымен қатар осы Домбыр (Домбыра) сөзі әртүрлі дабыр (дабырлау, дабырламау), Даңғыр (даңғыра), Дүңгір, Дүмбір, Күмбір деген сияқты дыбыс атауларының жиынтық атауы.
Домбыраны жасаған аталарымыздың тегі Ом. Ал, Омның тегі Ад (Адай). Осы жерден туындайтын тағы бір мәселе Ом атамыз, Адайдың сегіз немересінің қайсысына жатады деген сұрақ? Ом атамыз Бұзаудан тарайды деп батыл айта аламыз. Бұған сонау ежелден бері айтылып келе жатқан, тіпті күні бүгінде қолданыста жүрген ем-дом, ем-домдау, ем-домдық, ем-домсыз деген сөз тіркестері толық дәлел бола алады. «Ем» мен «дом» қатар аталып, ем - домнан бұрын тұр. Демек, Ом Емнің ұрпағы екендігі ешқандай дауға жатпайды. Алып би (Әліппе) таңбаларының рет саны бойынша «Е» таңбасы қазақтың жеті аталық жүйесімен сәйкес, жетінші дыбысты құраса, «О» дыбысы Маннан басталатын дыбыстың төртіншісін, ал жалпы барлық дыбыстардың рет санында 18-ші таңбаны құрайды. Құрметті Оқырман! Еске ұста! Осы Алып би дыбыстарының орналасу тәртібімен кім – кімнен бұрын, кім – кімнен кейін дүниеге келгендерін айна-қатесіз ажыратуға болады.
Ем мен Дом атамыз Адай шежіресінде былайша хатталған: Адай – одан Келімберді – одан Бұзау – одан Жеменей – одан Жомарт. Атам қазақтың «ем – дом» деген сөз тіркестерінің шығу тегі осы. Басқа жорамал-жобалардың бәрі қате тұжырым. Еске ұста! Сөздік қорымыздың барлық атауларында «авторлық» құқық сақталады. Егер кімде кімнің осыны түсінуге шамасы жетпесе, ондайларға қазақ тілін бірінші сыныптың Әліппесінен бастап қайта оқып, зерделеуге кеңес беремін.
Қазақта Жомарттан да басқа Омар, Шомақ (екеу), Томан және Домбыауыл атты рулар бар. Олардың төртеуі Адайдан тарайды. Омар-Бегалы-Қырымқұл-Сапар-Мая-Әнет-Текей-Райымберді-Аллаберді-Бәйімбет-Мұңал-Келімберді-Адай; Шомақ-Қожаназар-Тобыш-Келімберді-Адай; Шомақ-Жақау-Текей-Райымберді-Аллаберді-Бәйімбет-Мұңал-Келімберді-Адай; Томан-Қаржау-Жаубасар-Шегем-Тобыш-Келімберді-Адай; Бесіншісі, Орта жүздегі Өкіреш Найманның үш баласының үлкені Домбыауыл деп аталады. Домбыауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан таңба басып, Терістаңбалы атанады. Міне, осы аталарымызды домбыраның авторының ауылы, немесе соған сәйкес домбыра жасаушылардың ауылы десек, қателеспесіміз анық. Сонау Адам атадан бері бүткіл жер беті тұрғындарымен мойындалған және күні бүгінде де мойындалып келе жатқан ұлы қағида ойлап табылған кез келген дүниеге сол адамның, немесе сол рудың аты беріледі. Наймандарда өз тегін Манқыстаудан алады. Оны Най-Ман, Най Манның баласы, ұрпағы деген аты-жөнінен де көре аламыз.
Ең алғашқы домбыраны жасаған Домбай атамыз осы рулардың біреуіне жатады десек көп қателесе қоймаспыз. Домбыра қазақтың ұлттық төл аспабы. Бұл күнде қазақтан басқа елде дәл біздегідей домбырамен күй тартылмайды.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін тек қана бір домбырамен шектелмейік. Саз-сырнайды Қазақ пен Қырғызға, Най атты музыкалық үрмелі аспапты, адамзаттың ең алғашқы қаруы найзаны Наймандарға, Садақты Сақ Адайларға, Қобызды Тобыштарға, Сыбызғыны Балықшыларға (Шыбынтай, Қыпшаққа), Жетігенді Жеменейлерге беріп, мойындасақ дұрысы сол болар. Бұл атаулар олардың «авторлық» құқығы.
Енді осылардың қатарына Дәуіт пайғамбардың Забур жырындағы, олардың (Ер Дәуіттің елінің) домбыра мен Жетігенде ойнағандарын жырға қосып, жазып кеткендерін қосыңыз.
Түсініктеме: Он сегіз мың ғаламды билеген әйгілі Сүлеймен (Соломон) патша осы Дәуіт пайғамбардың баласы.
Қобыз демекші, «археолог-ғалым З.Самашев бастаған ұжым Алтайдың патшалар жазығынан басқа жерінен де тағы бір жаңа олжаға жолығыпты. Ол – қорымнан көне қобыздың табылуы! Сонда қобыздың кемінде үш мың жылдық тарихы бар екенін былай-ақ шамалуға болады». (Тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Қозыбаев. «Хан-Алтайдың шыңындағы асыл арман». «Айқын» газеті. №162 5.09.2013 жыл).
Құрметті оқырман! Еске ұста! Кез-келген құбылыстың, кез-келген ұғымның, ойлап табылған дүние атауының сөз түбірінде сол ұғым авторларының есімі тұрады. Бұл дауға жатпайтын тұжырым. Біздің аталарымыздың бұл қағидасын бүкіл әлем елдері күні бүгінде де қолданады. Мысалы, Қаздың (құс) авторы Қазақ, Ата Қаздың авторы Адам атаның ұрпағы Қазақ, бидайдың авторы Би Адай, нанның авторы Нұқ Манұлы, Құс атауының авторы Мұса пайғамбар, үйректің авторы Үйсіндер, қосу амалының авторы Қосай, көбейту амалының авторы Тобыш, алу амалының авторы Балықшы, бөлу амалының авторы Бұзау (бұзылу, бозару, бөліну, өзгеру бұлардың бәрі синоним сөздер), Ил, Ту, Ан самолеттарының авторлары Илюшин, Туполов, Антонов, жердің тартылыс заңының авторы ағылшын физигі Исаак Ньютонның атымен Ньютон заңы, электр тоғының негізгі заңдарының бірін ойлап тапқан неміс ғалымы Омның атымен Ом заңы т.т. болып кете береді. Егер кімде-кімнің бұны түсінуге және мойындауға шамасы жетпесе, ондайларға Маңғыстаулық ақын-жыраулардың шығармаларын оқуға кеңес беремін.
Мысалы, Адай атамыздың есімі Ад пен Ай деген екі біріккен сөзден тұрады. Ол ата мен анамыздың және сонымен қатар аталы, әкелі және балалы ұрпақтың жиынтық атауы. Адайдың екінші буыны «Ай»-дан төмендегідей адам аттары мен ұғымдар дүниеге келді: Айман, Найман, Айтумыс, Байсұлтан, Байұлы, Май, Майя, Тайпа, Айна, Айт, Айту, Айтпау, Бай, Байғазы, Лай, Пай-Пай, Айлы (Ай ауылы) т.т. Бұл ұғымдардың бәрінің авторы Адам атаның қарашаңырағы Қаз Адайлар, яғни бүгінгі Адайлардың ата-бабалары. Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы ((1850-1912) тегі Бұзау – Жеменей - Кенже) былай деп жырламаған болар еді.
«Мен Адайдың Ақтаны,
Сөйлеген сөзім тақталы
Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағаз бен хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мисыз ақымағы» (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет). Атамыз аспандағы Айға Ай деп ат қойғандар, Ақ қағаз бен хатты ойлап тауып, алғашқы хат жазғандар және ең алғашқы тілі шығып сөйлегендер біздің аталарымыз, яғни бұл ұғымдардың бәрінің авторлық құқығы солардікі деп отыр.
Ал Алматы қаласы атауының дүниеге келу төркінін Адайдың (Бұзау - Айтумыс - Шылым - Бәйбіше) шежіреші ақыны Түмен Балтабасұлы атамыз былайша өрбітеді:
«Алғидың басы ала дөң,
Биік асқар бел екен.
Сол жерлерді жайлаған
Қалың қазақ елі екен.
Сол елдердің ішінде
...Алма қыз деген бар екен,
Жасынан-ақ жансебіл
Төккені маңдай тер екен.
Бала күннен бақша егіп
Жерден жеміс жер екен.
Астына мінген арғымақ
Бауыры тарлан зер екен.
Асынғаны ақ мылтық
Кигені асыл зер екен.
Қалыңы жоқ, қайны жоқ.
Өзі бойдақ сері екен.
«Қатардан қазақ қалды» деп,
«Басқаның бәрі өзінің,
Керектерін алды» деп
«Кез келген жерден кент жасап
Қақпалы қала салды» деп
Ойлағаны уайым
Іші толған шер екен.
Сол күнде Арғын елінде
Әзірет пен Алма қыз
Алатаудың бетінен
Ағын судың шетінен
Ағаш шаншып, алма егіп
Қала салсақ дер екен.
Әзірет пен Алма қыз
Болған екен аталы
Әзіретке Алма қыз
Бала болды баталы
Айтуымен бұлардың
Алатаудың басынан
Қазақтың қалың қасынан
Кілең билер кеңесіп
Қысы–жазы жатады
Қоралап айдап, қой, жылқы,
Бұхарға барып сатады
«Базарың жоқ баратын
Тауарың жоқ алатын
Қаңғыған қазақ баласы –
«Қайдан жүрсің?» – деген сөз
Жанға жаман батады
Еткен еңбек іспенен
Қылған қайрат күшпенен
Салынған сарай қаланы
«Алматы» деп атады
«Ойлағаным болды» деп
«Орта жерім толды» деп
Әзірет Алма қызына:
- Қырмызы қызыл ки, - дейді
Жігітті таңдап сүй дейді
Сүйгеніңе ти, - дейді.
«Қырық байтал қысырақ
Қызға енші» атады.
«Қырық жылқың қыз туса,
Құтты болсын!» деген сөз
Қағидалы қазақтың
Содан қалған мақалы...» (Ә.Қонарбаев «Түмен Балтабасұлы» Алматы-2009. 59-60 бет). Біз бұл жыр жолдарынан кез-келген ұғым атауында авторлық құқық сақталатынын айқын көре аламыз.
Домбыра атауының шығу тегі осы. Сөз түсінетін және Атам қазақтың сөз жасау қағидасын білетін жандар үшін бұл дауға жатпауға тиіс.
Қазығұртқа таяу (Сыр өңірінде) Қызыл Орда облысы Жаңақорған ауданының шығыс жағында 50-60 шақырым жердегі Домбы өзенінің бойында, Домбы ата атты әулие қорым бар. Басында кесене жоқ. Мазарының ұзындығы 20 метрдей, ені екі метр, биіктігі 1,5 метр. Ары-бері өткендер зиярат етіп өтеді. Ата туралы деректер жоқтың қасы делінеді.
Домбы ата мазарының осыншама ұзын болуы, домбыраның тегі Нұқ пайғамбар заманынан әрі де жатыр деген сөз. Себебі, топан суға дейінгі адамдардың да, жан-жануарлардың да бәрі алып болған. Нұқ пайғамбардың өзі де, онымен бірге Қазығұртқа табан тіреген барлық тіршілік иелерінің бәрі солай болған. Сол топан судан кейін ауа райының және жердегі көктің өзгеруіне (азаюына) байланысты тіршілік иелері ұсақтала бастаған, деп батыл тұжырым жасауға негізіміз бар.
Сол ежелгі алып адамдардан қалған жәдігерлер қазақ даласында күні бүгінде де кездеседі. Мысалы, Сол Қазығұрт тауының баурайындағы Үкаша ата мазары, Маңғыстаудағы Қараман ата мазарының ұзындықтары 10-12 метрді құрайды. Сол сияқты Маңғыстаудың екі жерінде «Алты құлаш» әулие және «Қырық кез» атты қорымдар күні бүгінде де бар. Құлаш пен кездің ұзындық өлшем екендігіне дау болмаса керек. Еуропадағы Алып (Альпі) тауы атауы да солардан қалған. Ежелгі Қазақ ертегілерінің бәрі дерлік бір ауыздан ежелгі Қазақтарды алып адамдар деп суреттеулерінің сыры осы болса керек.
Дәл осындай тұжырым Қашаған жыраудың (руы Адайдың Қосайы) «Есқали сұпыға айтқаны» деген толғауында айқын көрсетілген.
«Домбыраны күнә десеңіз,
Жиын менен тойдікі.
Ішегіне күнә десеңіз,
Жұмақтан келген қойдікі. (Қой мен қойшының пірі (ұстазы) Шопан атаның да моласы Маңғыстауда. Күні бүгінде де Шопан Ата қорымы деп аталады).
Пернесін күнә десеңіз,
Есебі ол пәннің он екі. (Перне (буын) бұл Алып Алаштың кенжесі Он екі Ата Байұлының есептік санын береді).
Құлағын күнә десеңіз,
Хазіреті Біләлдің,
Құлағы екен деседі.
Тиегін күнә десеңіз,
Шиеленген сырды шешеді. (Сөз түсінетін жандарға шежіре-тарихтың тиегі осы домбыраның тиегінен де ағытылатынына қандай дау бар).
Атамыз Адам пайғамбар,
Жеті сазбен жерге кеп,
Күй шертіпті деген бар». (Атамыз домбыраны Адам Ата заманында да болған, олар да күй тартқан деп отыр).
Ол күндегі о да саз.
Бұл күндегі бұ да саз.
Сазды күнә деп жүрген,
Молдеке сенің ақылың аз.
Молдеке білмей адас па,
Домбыраның бізге күнәсі аз». Аз сөзінен (аз бен көп), Азия, наз, саз, қаз, қазақ, қазық, қазір, жаз, жазық т.т. туындайды.
Адам - Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға дейінгілер, ал Ман топан судан кейінгілер болып табылады.
Жер бетіндегі барлық жанды-жансыз ұғымдар мен заттардың атаулары адамзат ғұмырында болып өткен дүниеге балама ретінде қойылады және оның түбір сөзіне (сөз түбіріне) сол ұғымды дүниеге әкелген Атасының, бүгінгіше айтқанда «автордың» есімі беріледі. Сөзіміз дәлелдірек болуы үшін домбыраның «дене мүшелерінде» сөйлете кетейік:
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, ішек, шанақ, қақпақ және тиегі.
Домбыраның сүйегі ағаш. Ағ (ақ), аға және аш деген біріккен сөздерден тұрады. Бұл қос ішекті қара домбыраның сүйегі ағаш болса, бүкіл адамзаттың сүйегі қазақ, яғни қазақ бүкіл әлем елдерінің ағасы. Қазақ – Қаз аға деген сөз. Қаз-ақ екінші буынындағы Ақ сөзінің толық мағынасы осы. Ақтың екінші мағынасы Ақиқат. Аталарымыздың «Ақиқат Ағадан» дейтіндерінің сыры осы.
«Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Қолымдағы ағашым -
Алып жүрген домбыра,
Тартқан сайын даңғыра.
Домбыра күнә деген сөз,
Тек бір айтқан дабыра» (Қашаған).
Бас – басы (кез-келген дүниенің басы, бастауы бар, адамның да), бастың түбірі ас. Осы түбірден аспан, астық, аса (жоғары, төмен, яғни кез-келген дүниенің шырқау шыңы), басшы, басқару жүйесі т.т.
Құлақ – біріккен сөз. Сөз түбірі Қу (Құда, Құдай, Құдағай, Құдайке, Ұл, Құл, Ақ (Сақ), Лақ деген сөздерден тұрады.
Бұл сөздердің тікелей мағынасына үңілсек: Қу – Құдайке атамыздың есімі, ұлға комментарий қажет емес, құл жөнінде қазіргі түсінік басқаша, ежелде ұл мен құл бір ұғым болған. Қазақтың ұлым, құлым, құлыным, құлыншағым дейтіндері осы тұжырымымыздың айдай айғағы болмақ. Ал, Ақ - Адай атамыздың төртінші немересі, яғни бесінші буын ұрпағы Ақпан (Ақман) атамыздың есімі. Ақ (ақ адал мал, ананың ақ сүті, ақ ниет, ақ орамал, ақ тілек, ақ жол т.т.), ақиқат, ақыл, аға, Ағарыс, ағару т.т. құрамында Ақ (Ағ) атамыздың есімі бар барлық ұғымдардың авторы осы аталарымыз. Лақ - бұл жерде шеше мен бала деген мағына беріп тұр. Себебі, лақтың анасы ешкі, қазақтардың ата-анасын, әке-шеше дегендегі Ешкі мен шешенің сөз түбірлерінің бірдей «еш» болатыны осыдан. Бұл атаудың авторлығын «Алпамыс батыр» жырында айтылатын Жиделі Байсындағы Қоңырат руынан тарайтын Лақайларға (Қап тауында олар Лаки деп аталады) берсек тіпті де қателеспейміз.
Қазақ та «ақпа құлақ» деген сөз бар. Бұл сөз тіркестерінде Анамыздың құлаққа қатысы, Ақ-па – Ақ апа (ана) деп айқын көрінеді.
Құлағын бұрау арқылы (қос ішектің бірін тартып, бірін босатып) шанақтан шығатын дыбысты күй әуеніне байланысты реттеп отырады.
Перне – сөз түбірі Ер, пер, ерне (ернеу), перне болып шығады. Қос ішек пен шанақтан шығатын дыбыстар осы пернелерді басу арқылы әуен ырғағы өзгеріп отырады. Мынау адамзат ғұмырында өзгертіп отыратын Ерлер емес пе? Мына көрші орыстардың Құдайды Перун, первый деп жүргендері осыдан. Бұл сөз қазақтың бір, бірінші, пір (ұстаз) деген сөзінен алынған.
Перненің – тағы бір негізгі мағынасы Пері ене. Бұл Атам қазақтың сөз жасау жүйесімен де толықтай сәйкес келеді. Кез-келген екі сөзді біріктіріп бір сөз жасағанда, дыбыс үндестігіне қарай бірінші сөздің соңғы дыбысы, немесе екінші сөздің бірінші дыбысы түсіп қалып отырады. Мысалы, Қазық жұрт – Қазығұрт, Аға Арыс – Ағарыс, алып бар – апар, Қаз бір (қазақ бірінші) – қазір, қалып қойған - қалған т.т. болып кете береді.
Перне (ер мен әйелдер) арқылы әр түрлі дыбыс әуендері өз ернеуіне жетіп, жаңасы қайта басталып отырады. Өмірде де солай. Бүкіл ғаламды да өзгертіп отырған солар. Азия (сөз түбірі Аз, Қаз) ер адам, қозғаушы күші қазақтар; Европа (сөз түбірі Ев, ева, дева, девушка) әйел адам, қозғауші күші сол Еваның ұрпағы еврейлер.
Мойын – ой, мой, ын, ойын деген біріккен сөздерден тұрады. Ой – Рысқұл (Құнанорыс) аталарымыздың лақап аты. Себебі, Орыс атамыздың есімінің сөз түбіріндегі ор мен ойдың мағыналары бір-біріне өте жақын. Негізінен екеуі де қырдан (биіктен, жоғарыдан) төмен қарай бір арнамен ағатын, немесе су жиналатын сай, немесе ойыс жер. Айырмасы ой табиғи болса, ор қолмен қазылғаны. Ал, мойынның сөз түбірінің ойын болатыны, оның бір орында тұрмай, үнемі ойнап тұратынына сәйкес қойылған. Ал «ын» жалғауына келсек, бұл сөздің шығу тегі «ін». Қазақтың «ындықтың түбі» дейтіндері осыдан. Ын түбірінен шын, сын, қын, жын деген сөздер туындаса, ін-нен туатын ұғымдар:
а. жанды-жәндіктердің жер астынан қазылған іні;
ә. іні, інім (адам баласының өзінен кейін туған бауыры). Сонда мойынның мағынасы, Ата ұрпақ пен бала ұрпақтың арасын жалғайтын іні сияқты, бас пен кеудені жалғайтын мүшенің балама атауы. Ал, «М» жұрнағына келсек, ол тәуелділік жалғауы, ол кез-келген сөздің алдына да, соңы да қосылса менікі деген мағына береді. Бұл жұрнақ өз бастауын Ада-ға (Ата) жалғанып Адам (атам менің) деген ұғымнан бастау алады. Әрине солай, әр адамның атасы өзінікі болатыны сияқты, үнемі ойнап тұратын мойыны да өзінікі емес пе? Бұл тұжырымның дұрыс екендігіне айғақ ретінде орыстардың да біздің осы сөзімізді пайдаланатынын алға тартамын. Оларда да, менікі деген сөз мой, моя деп айтылады.
Мойынға пернелер орналастырылып, оның өн бойына ішек тартылған және ол бас пен шанақтың арасын жалғап тұр.
Осы мойынның бас жағының түбінде «шайтан» тиек дейтін тиек бар. Бұл тиектің атауы адамдар мен елдердің даму сатыларына толықтай сәйкес келеді. Шайтанда екі түбір бар. «Ай» және «Ан». Екеуі де аналық текті білдіреді. Бұл ер адам азған кезде екі сөйлемейтін ер-азаматтық қасиетін жоғалтып, әйелге айналады деген сөз. Ал бұл жерде ер азамат бір емес, екі рет әйелге айналып «шайтан» аталып тұр. Бұл адамдар мен елдердің (мемлекеттердің) ғұмырында да солай. Араға шайтан түссе, бас тура жолдан ауытқып, кез-келген жаққа бұрылып кете береді.
Ішек – іш және ек (екі) деген екі біріккен сөздерден тұрады. Іш (іші) деген сөз баршамызға түсінікті. Ал ек (екі), бұл қазақтың сандық атауы. Біздің сөздік қорымыздағы Ек, Екі, Еке (әке), Тек, Теке, Меке, Сенек, Екі бет (Египет) атаулары солардан қалды. Домбыраның ішегі қойдың ішегінен жасалады. Бұл дегенің домбыраның «авторы» қой баққан ауыл деген сөз.
Шанақ – Ан, Ана, Шан, Шана (Сан, Сана), Ақ (ақиқат пен аға), Нақ (нақ өзі), Шанақ болып шығады, яғни домбыраның шанағынан шығатын күмбірлеген қоңыр үн, Сақ (Шақ) Ана мен Сақ ағаға балама атау ретінде қолданылып отыр. Шанақтан шығатын дыбыстың иесі солар деп отыр.
Қақпақ - «ақ» деген екі түбірі бар. Мынау он сегіз мың ғаламның бір микробөлшегін бөліп алып, дыбыс жинаған шанақтың беті қазақ деген ел атымыздағы екінші буында тұрған ақ-пен жабылған. Және бір емес, екі ортасын қақ бөліп, екі рет жапқан.
Бұл ұғым Маңғыстауда дүниеге келген. Адай шежіресін де Адай атаның төртінші немересі және бесінші буын ұрпағы Ақпан (Ақ Ман) делінеді. Жақсы мен жаманның ара-жігін ажыратудағы бестік баға алып жүргендер осылар. Ақ түбірінен Ақпан (ру аты), Ақтау (тау), ақиқат, ақыл, ақ ниет, ақ сүт, ақ тілек, ақ адал мал, ақ жүрек, ақ орамал, аға, ағару т.т. ұғымдар дүниеге келген.
Қақпақ – бетқақпақ деп те айтылады. Бет-жүзі, бет-пердесі, бет-бейнесі деген мағына да қолданыла береді. Бет –жүзі Адайдың шежіре дерегінде бұл сөз туыстығы бөлінбейтін киелі жеті санының иесі Бұзау-Жеменейдің лақап атын береді.
Тиек – тиектің түбірі «иек», ол өз кезегінде ие және ек деген екі біріккен сөзден тұрады. «Т» дыбысы сөздің қай жерінде қолданылса да тек қана толып-толысты дегенді білдіреді. Ежелгі қазақтардың барлық дүниені тоғыз-тоғызбен есептейтіні осыдан. Мысалы, Ұлт – ұл (бала) толысып, ұлтқа айналып тұр, сүт – су ағарып, сүтке айналған, өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған, жылт – көрінді де жоқ болды т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.
Ие-ге түсінік берудің қажеті болмас. Сол бастапқы мағынасы әлі сол күйінде қолданыста. Бұл жерде арнайы атап өтетін жағдай, Ие, иелік ету, кие, киелі дүние (Киелі Маңғыстау) т.т. – Ата деген ұғымға балама ретінде қолданылады.
Ал, ек (екі) және иек қазақтың лақап есімі. Себебі, иекке шығатын талшықты сақал, ал адам баласы қартайған кезіндегі ағарған сақалына, ел алдында еткен еңбек, абыройына байланысты Ақсақал, ал тек «ас ішіп, аяқ босатқанды» шал деп атайтынымыз осының айғағы.
Тағы бір арнайы атап өтетін жағдай, домбыраның құлағына, салдардың бас киімдеріне, қазақ келіндерінің сәукелесіне «Үкі» тағылады. Біздің үкілеп, аялап жүргеніміз қазіргі адамзатты топан судан аман алып шыққан Нұқ пайғамбар атамыздың есімі. Ақиқатында ол атамыздың шын аты Үкаша. Үкілі домбыра, Үкілі Ыбырай, үкілі почта, үкі, үкі ою, үкім, үкімет, үкімет басы атаулары осы атамыздан қалды. Жер бетінде бір қазақ тірі тұрса, домбыра жойылмайды. Біздер, яғни бүгінгі қазақтар сол Нұқ пайғамбар қауымының қазық жұртында отырмыз. Ақыл-есі түзу қазақ баласы үшін бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатуға тиіс емес.
Тарих тағлымы: Ел (үкімет) билігін қолына алған жандардың қателесуге құқығы болмаған. Ондайларға аталарымыз, сынақты (экспериментті) тек өз қара басына ғана жасауға құқығы бар деген. Қазақ азаматы! Есіңе ұста! Билікке аралассаң (тіпті басшылықтың ең төменгі сатысы бригадир болсаң да) Алланың Хақ жолынан ауытқып, қателесуге құқың жоқ. Қателессең жазаланасың. Кім жазалайды дейсің бе? Сені жазалайтындар өте көп. Бірінші Алла, екінші сен қиянат жасаған адам (халық), ал үшіншісі өзіңнің Ар-иманың, төртіншісі сенің атыңды атауға ұялып, сенен безетін өз ұрпағың. Бұлардың ешқайсысынан да қашып құтыла алмайсың.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
Abai.kz