Елбасы қызметке адамдарды қалай тағайындайтынын айтып берді
2016 ж. 03 шілде
2321
3
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі бір қызметке үміткерлерді қалай таңдайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хабар" телеарнасында көрсетілген "Елбасы" деректі фильмінде Назарбаев басқарушының психолог болуы керек екенін айтты.
"Басқарушы психолог болуы керек, себебі ол адамдарды қай орынға қызметке қоюын білу үшін оларды тануы керек. Біреуді бірінші рольдегі орынға қоясың, ол сонда өзін жақсы жағынан көрсете алады. Ал біреуі екінші рольдегі орында өзін жайлы сезінеді. Ал тағы біреуі үшінші рольдегі орында өзін жақсы қырынан танытады. Мұны қалай анықтау керек?", - дейді ол.
Эфирде Ақордадағы жиыннан кадрлар көрсетілді. Мұнда Назарбаевтың Исекешевті, Жұмағалиевті, Қасымбекті және басқаларды тағайындап жатады. Тағы бір кадрларда Ерболат Досаевтың ұлттық экономика министрі қызметінен отставкаға кету туралы өтініш айтқаны бар.
"(...) Кейде бір адамды қателіктен тағайындайсың. Қызметке қоясың. Сөйтіп ол жұмысын бастайды. Алдына міндеттер қойылады, бірақ ол келіп, мәселені сенің шешуіңді сұрайды. Мен оны осы мәселені шешуі үшін тағайындадым ғой. Мұндай жағдайда ол мен үшін проблемаға айналады. Проблеманы шешудің немесе ең болмағанда келіп "проблема бар, оны шешудің үш жолы бар, қайсысын таңдаған дұрыс екенін айтып жіберсеңіз" деудің орнына келеді де, мәселені маған итере салады. Мұнда сапа керек, адамның ұстанымын білу керек, психологияны жақсы білу керек", - деп атап өтті Назарбаев.