Әкіміңе айта бар, сендер ең аз билет сатып алған екі облыстың бірісіңдер - Есімов
2016 ж. 30 маусым
2666
3
«Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысы бұл көрмеге өте аз билет сатып алып жатқанына таңғалды.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
«Серік (Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев агенттік), қазір билет сатуға елу пайыздық жеңілдік жүріп жатыр. Ал, Алматы облысы небары он билет сатып алған. Тіпті айтуға ыңғайсызданып отырмын, бірақ менің өзім жалғыз Алматы облысынан гөрі көп билет сатып алдым», - деді Ахметжан Есімов.
Бұған дейін Ахметжан Есімовтің орынбасары Ербол Шорманов мәлім еткендей, 20 күн ішінде 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» Халықаралық көрмесіне бес мыңнан аса билет сатылған.
«Әкіміңе айта бар, сендер ең аз билет сатып алған екі облыстың бірісіңдер. Қызылорда облысының бары сендер үшін жақсы болар ма!?» - деді Ахметжан Есімов.