ЖЕР САТЫЛМАСЫН! ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖАЛҒА БЕРІЛМЕСІН!

ФАЗЫЛБЕК Осы айдың басынан бері «DAT»,   «Қазақ үні», «Президент және халық» және т.б. қазақ басылымдары бастап:
  • «Жер сатылмасын!
  • Шетелдіктерге жалға берілмесін!»
Бұл талапқа қосылатындардан, қолдайтындардан қол жинайық!деп қалың бұқараны осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырған-ды.  ҚР Президентіне, ҚР Парламентіне, ҚР Үкіметіне жолданған аталмыш хат «Қазақ үні» ұлттық порталына ағымдағы жылдың 1-маусымында «Ата-бабамыз мұраға қалдырған қасиетті қара жерді сақтау – бүгінгі біздің міндетіміз!» (http://www.qazaquni.kz/2016/06/01/52975.html) атты тақырыпта жарияланған-ды. Мәжіліс Жер Кодексінің даулы баптарын, яғни  жерді сату мен жалға беруді уақытша тоқтату туралы заң жобасын мақұлдағанымен, халықтың көңілі әлі күнге дейін күпті. Ал, халық үміт артқан Жер комиссиясының жұмысы да кесіп айтар кесек тірліктер атқарып жатқанға ұқсамайды. Сондықтан да республика бойынша қазіргі таңда қол жинау шарасы жүргізілуде. Еліміздің әр түкпірінен әр азамат  сайтқа өз қолдарын қойғанын хабарлап, жазба жіберуде. Белгілі журналист, қоғам белсендісі Фазылбек Әбсаттарұлы  редакциямызға арнайы хабарласып,   барлығы 151 адам қол қойған құжатты тапсырды. Біз ұлттық мүдденің ұпайын түгендеуге үлес қосып жүретін Фазылбек Әбсаттарұлына алғыс айып, Алла жар болсын дейміз. Қол жинау әлі де жалғасуда. qazaquni.kz