Президент жарлығымен Инвестициялар және даму министрі тағайындалды

02Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. «Ж.М.Қасымбекті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                      Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы  21 маусым № 289 qazaquni.kz