Ақтөбе оқиғасы: 13 қылмыскердің көзі жойылды
2016 ж. 07 маусым
2249
0
Ақтөбеде 13 қылмыскердің көзі жойылды. ҚР ІІМ өкілдері жаңа мәліметтерді келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі.
"Бүгінге дейін шабуылдағандардың ішінде 13 қылмыскер өлтірілді, төртеуі жарақат алған, жетеуі іздеуде", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев телефон арқылы.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалған қылмыскерлерді табу бойынша барлық шара қабылданып жатыр.
"Шамамен сегіз адам ұсталды, олардың шабуылға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жеке құрам түгелдей күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Ақтөбеде түн тыныш болды. Қалада және республика бойынша жағдай бақылауда", - деді Сәдубаев.
Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.
Дерек көзі: tengrinews.kz