Жер комиссияның үшінші отырысы өтуде
2016 ж. 28 мамыр
3074
16
Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның кезекті үшінші отырысы өз жұмысын бастады.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен өтіп жатқан комиссияның бүгінгі отырысында негізгі тақырып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жалға беру немесе бермеу мәселесін талқылау болып айқындалған болатын. Айта кетерлігі, бұған дейін комиссия төрт бағыттағы жұмыс топтарын айқындап, олардың жетекшілері сайланған. Өткен бір апта ішінде осы төрт топ негізгі тақырыптарды талқылап, ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы штабта бірқатар жұмыстар атқарған. Осыған байланысты Б. Сағынтаев жұмыс топтарының атқарған шаралары туралы жетекшілерден қысқаша баяндама тыңдауды ұсынды.
Жер реформасы жөніндегі комиссиясының бүгінгі отырысына 62 азамат қатысып отыр, 9-ы белгілі себептермен қатыса алмаған. Еске сала кетсек, 21 мамырда өткен комиссия отырысында Б. Сағынтаев: «Келесі отырыста біз жерді шетелдіктерге жалға береміз бе, бермейміз бе, соны талқылайтын боламыз», - деп мәлім етті.
Дерек көзі: ҚазАқпарат