Мемлекеттік тіл есебінен «уақыт үнемдейтіндерді» мемлекеттік қызметтен қуу керек
2016 ж. 22 мамыр
5845
5
«Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Хромтау ауданының әкімі Аязбай Османғалиев «уақытты үнемдеу» деген желеумен баяндамасының басым бөлігін орыс тілінде жасады.
Осыны аңғарған журналистер Хромтау ауданының әкімдігінде өтетін отырыстарда да оның орыс тілінде сөйлейтінін бетіне басты. «Тіл сындыру үшін кітап оқисыз ба? Қандай кітаптар оқып жатсыз?» деп сұрады журналистердің бірі.
– Мен күнделікті «Егемен Қазақстан» газетін алып оқимын. Жыл сайын «Ана тілі» газетін жаздыртып алып жүрмін. Ол газетті үнемі оқып жүремін, – деді Аязбай Османғалиев.
Асқар Ақтілеу
Түпнұсқадағы тақырып: “Тіл сындыру үшін Хромтау ауданы басшысы газет оқитын болып шықты”
Дереккөз: jasqazaq.kz