Ауыл шаруашылығын субсидиялау бұрынғы тәртіппен гектарға байланысты төленетін болды
2016 ж. 22 мамыр
2316
2
18 мамыр күні “Ақ жол” партиясы фракциясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке ауылшаруашылығын субсидиялау мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдағаны белгілі.
Кеше Жер туралы респуликалық комиссия отырысында "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев жер қатынастарын реттеу мен жерлердің банктер меншігіне өтіп кету қаупін мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтен "Ақ жол" партиясының ауылшаруашылығын субсидиялау мәселесі бойынша депутаттық сауалының барысы туралы сұраған еді.
Ауыл шарауашылығы министрі Асқар Мырзахметов: "Ауыл шаруашылығын субсидиялау тәртібін ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің кең талқылауына салмай, министрліктің өзі қайта қарастыруы қателік болғанын, алдағы уақытта субсидиялау бұрынғы тәртіппен гектарға байланысты төленетінін және ол жақын уақытта іске асатынын айтты.
Сонымен, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші шаруа қожалықтарының шаруасы дөңгеленетін күн алыс емес.
qazaquni.kz