Ақпарат және коммуникациялар министрі тұтқындалған журналистерге қатысты пікірін айтты
2016 ж. 21 мамыр
2142
0
Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ұсталған журналистерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Bnew.kz.

«Iшкi iстер министрiмен жаңа ғана хабарластым. Қазiр барлық жағдай анықталып жатыр. Оларды не үшiн ұстағанын анықтаймыз. Ішкі істер министрі ұсталған журналистердің таяу арада барлығы босатылады деп сендiрдi», - дейді Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев.
Министр журналистерге өз кәсiби қызметiн iске асыруына жан-жақты қолдау көрсетілетінін және ешқандай да кедергілердің болмайтынын айтты.
Дәурен Абаев Комиссия отырысынан кейін оқиға болған жерге өзі барып, мән-жайды анықтайтынын айтты.
Дерек көзі: Bnew.kz