Депутаттар: Біздегі білім жүйесі үштілділікке әлі дайын емес
2016 ж. 19 мамыр
2947
10
Білім беруде озық тәжірибелер мен жаңа тәсілдерді пайдалану, жастардың үш тілді меңгеруі жайлы жиі айтылады. «Бірақ елімізде әлі күнге үштілділік бағдарламасын енгізу тетіктері әзір емес», – дейді депутаттар.
Мәжілістің пленарлық отырысында Жәмила Нұрманбетова білім және ғылым министріне депутаттық сауал жолдап, бірнеше ұсыныстар айтты. Үштілді оқытуға қатысты жаңартылған оқу мазмұнын саралайтын 2 комиссия құрылғаны мәлім.
«Осы бірлестік мүшелері жер-жердегі барлық ата-ананың пікірін ескеруі тиіс», – деді депутат. Тіпті комиссия мүшелігіне ауылдық мұғалімдерді де қосуды сұрады. Және де алғашқы пилоттық 30 мектеп бойынша эксперимент нәтижесімен де халықты хабардар етіп, ондағы кемшіліктер ескерілуі тиіс.
"Білім және ғылым министрінің жанындағы қоғамдық кеңес талқылау алаңына айналуы тиіс. Бүгінгі күні қоғамдық кеңестің бұл мәселе бойынша ұстанымы айқын емес. Халық көтерген осы мәселелерді комиссиялар қарап, халыққа жауабын жеткізуі қажет", - дейді депутат Жәмила Нұрманбетова.
Дерек көзі: Хабар