МИТИНГІШІЛЕРДІҢ ӘРҚАЙСЫСЫ "ЕВРАЗИЯДАН" 150 доллар ТАЛАП ЕТСІН!
2016 ж. 15 мамыр
2549
5
Кеше ауылда жұмыссыз жүрген таныстарым "Астанаға барамыз"-деп хабарласты.
-Келіңдер. Не шаруа бар еді?
- Біз өткенде ауылдың әкімін орнынан таппай қалғанда оншақты адам: "Орнында отырмаса, орнынан кетсін" деп, шу шығарған едік. Ал Астанадағы "Евразия" деген телеарна әр митингішіге 150 доллар берген біреулер бар депті. Сол доллар бергіштердің адресін аламыз, әйтпесе, "Евразияның" өздерінен талап етеміз...
-Мына талаптарың жақсы екен. Мен Атырау мен Ақтөбедегілерге де айту керек екен онда. "Евразиядан"келіп әрқайсысы 150 доллар талап етсін...
Қ. Сейхуни