Еліміздің екі азаматы "Халық қаһарманы" атанды
2016 ж. 06 мамыр
3755
17
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Родин Дмитрий Олеговичке - «Fokker - 100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы
Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлына - Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 3 мамыр
№244
Естеріңізде болса Астанада апатты жағдайда қонған (алдыңғы доңғалақсыз) ұшақтың командирі Родин Дмитрий Олеговичке еліміздің азаматтары разы болған болатын. Сонымен қатар оққа кеудесін тосып, қатардағы сарбазды ажалдан аман алып қалған Ұлттық ұланның штаб бастығы Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлына сарбаздың отбасы "Халық қаһарманын" беруін сұрап Президентке хат жолдаған болатын.
qazaquni.kz