БАҚЫТЫН ІЗДЕГЕН АДАМ МАСҚА ҰҚСАЙДЫ...

Атақтылар айтқан екен...

Мэл Брукс-(1926), америка кинорежиссері Егер мен саусағымды кесіп алсам, ол-трагедия. Сіз ашық тұрған канализация люгіне түсіп кетіп, мойныңызды үзіп алсаңыз, ол-комедия. * * * Джузеппе Верди-(1813-1901), Италия композиторы  verdi Он сегіз жасымда мен өзімді ұлы музыкант санап, тек «Мен» дейтінмін. Жасым жиырма беске келгенде «Мен және Моцарт» дейтін болдым. Қырық жасымда «Моцарт және Мен» дедім. Ал қазір тек қана «Моцарт» деймін. * * * Веспасиан-(9-79), Рим императоры Веспасианның баласы Тит әжетханаларға да салық салғаны үшін әкесін кіналайды. Веспасиан тиынның біреуін алып, баласының мұрнына тосып: «Иісі бар ма?»-деп сұрапты. «Жоқ»-дейді ол. «Бұл сол салықтан түскен ақша ғой»-депті император. * * * Сүйікті қызметкерлерінің бірі бейтаныс адамды ертіп әкеліп, оны Веспасианға өзімнің бауырым деп таныстырып, жақсы қызмет беруін өтінеді. Әлгі бейтаныспен оңаша сөйлескен Веспасиан одан тиісті мөлшерде ақша алып, қызметке қояды. Қайтадан осы мәселені қозғаған қызметкеріне Веспасиан: «Сен өзіңе басқа бауыр ізде, ол енді менің бауырым»-депті. Вольтер-(1694 -1778), француз жазушысы, ағартушы-философ Бақытын іздеген адам масқа ұқсайды. Үйінің бар екенін біледі, бірақ таба алмайды. Марсель Ашар-(1899-1974), француз драматургы Әкем сәл батылдау болғанда, мен үш жыл бұрынырақ туушы едім * * * Еркектер өзінен бұрын болғандардан қызғанады, әйелдер өзінен кейін келетіндерден қызғанады. Гектор Берлиоз-(1803-1869), француз композиторы Өзінің досы боп саналатын бір шешенсымаққа: «Егер сен менің жаназамда сөйлейтін болсаң, мен өлмей-ақ қояр едім»-депті. Саша Гитри-(1885-1957), француз актері, драматургы, режиссеры Өзім білу құрметіне ие болған бірнеше актерлерді есептемегенде, адамдардың барлығы актер. * * * Егер пьеса табысты өтсе, режиссер өзін данышпанға санайды. Егер сәтсіз болса, көрермендерді ақымақ дейді. * * * Әйелдің жас мөлшері болмайды. Олар-не жас, не болмаса кәрі. * * * Табыскер деп-әйелінің шашқанынан да артық ақша табатын еркекті айтады. Жолы болған деп-осындай еркекті тауып алған әйелді айтады. * * * Менің достарым жайлы жаман сөз айтпаңыз, оны өзім де айта аламын. * * * Мен туралы өсектеп жүргендер олар жайлы не ойлайтынымды білсе ғой, одан жаманын айтар еді. * * * Достардың үш түрі бар: сізді ұнататын, сіздің бар-жоғыңыз бәрібір дейтіндер, сізді көргісі келмейтіндер. * * * Не айтқысы келгені есіне түскенше сөйлей беретін адамдар бар. * * * Өзінің бесінші әйеліне: «Бұрынғылардың барлығы менің әйелдерім ғана болған, ал сен, қымбаттым, менің жесірім боласың» Диоген (Синоптан шыққан)-(б.з.д. 400-325), көне грек философы  diogen 2 Олимпиададан оралған соң, халық көп болды ма деген сұраққа: «Халық көп, ал адамдар аз болды»-депті. * * * Бір моншаның ластығын көрген соң: «Бұл жерде шомылғандар сосын қайда барып жуынады?» * * * Қай кезде үйлену керек деген сұраққа: «Жас кезіңде әлі ерте, қартайған соң кеш» * * * Сәнденіп жатқан бір кемпірді көргенде: «Егер тірілер үшін болса-тым кеш, ал өлілер үшін болса-асығу керек» * * * Кранияда күнге қыздырынып жатқан Диогенді іздеп келген Александр Македонский: «Менен керегіңді сұра!»-дейді. «Күннің көзін көлегейлемеші!»-депті Диоген оған. * * * Тал түсте қолына шам ұстаған Диоген: «Адам іздеп жүрмін»-дейді екен. Сайлау Байбосынның Фейсбук парақшасынан