Министрліктер "Қазақстан" деген сөзді дұрыс жаза алмайтын деңгейге дейін жетті. Бір бұйрықта 50-ден аса қате!!! (фото)
2016 ж. 06 сәуір
19540
34
"Қазақ үні" сайтының жеке поштасына Мереке Алаш есімді оқырманнан мынадай хат келіп түсті. Сіздердің назарларыңызға қаз-қалпында ұсынып отырмыз.
"СҰМДЫҚ! МЫНАНЫ КӨРСЕҢІЗ, КӨЗІҢІЗ ТҮСІП ҚАЛМАСЫН! Құрметті тіл жанашырлары және журналистер, сіз болып, біз болып, тіліміз үшін тірлік жасамасақ, МИНИСТРЛІК қайдан жасайды мына түрімен. Бір ғана бұйрықта 50-ден аса қатені көріп, ҚР Мәдениет және спорт министрінің қолымен бекітілген Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ережесі екеніне күмәнданасыз. (Сілтеме бойынша: Көшіріп алу (*.pdf 778.41 Кб) құжаты) Мемлекет үшін маңызы бар, әсіресе, қазақ тілі үшін маңызды бұл бұйрық қатемен бекітілсе, орындалатын шаруа не болмақ?! Сондықтан да ана тіліңіз үшін жаныңыз ашыса, мына сұмдықтың түзетілуіне қолдау көрсетіңіз. Үлкен рақмет!"
Мынау аталмыш бұйрық:
qazaquni.kz